Ақшалай шығыстарға тұтыну шығыстары, туыстар мен таныстарға материалдық көмек, алименттер, салықтар, төлемдер және басқа да төлемақылар, кредит пен қарызды өтеу кіреді.
Тұтыну шығыстары – тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған үй шаруашылықтарының халықтың ақшалай шығыстарының бөлігі. Тұтыну шығыстарына азық-түлік тауарлары, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерді сатып алуға кеткен шығыстар кіреді.
Ақшалай табыстарға еңбек қызметінен түскен табыс, әлеуметтік трансферттер және өзге де ақшалай түсімдерден түскен табыстар кіреді.
Халықтың тұтынуға жұмсаған табыстарына тұтыну шығыстары (өндірістік қызметке және қорланымға капитал салусыз) және өзі өндірген өнімдердің заттай түрдегі құны (ақшалай мәндегі) мен трансферттер кіреді.
Халықтың тұрмыс деңгейі бойынша бюджеттерін зерттеуі бойынша деректер Қазақстан Ұлттық экономика министрліктері Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 31 бұйрығымен бекітілген (Әділет министрлігінде тіркелген Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 20922), Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеуін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2023 жылғы «20» желтоқсанда № 237 бұйрығымен бекітілгенге әдістемесіне сәйкес тоқсан және жылдық негізінде 12 000 үй шаруашылығын зерттеу базасында қалыптастырылады.