2026 жылғы қаңтар-қазанда 2025 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі құрылыс (113,1%), көлік және қоймалау (107,5%) және сауда (106,2%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі өнеркәсіп (103,5%), байланыс (104,9%) және ауыл шаруашылығы (105,2%) салаларында қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-қазанда 2025 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Түркістан облысында (117,6%), Шымкент қаласында (116,1%) және Алматы облысында (115,8%) байқалады. Теріс өсім қарқыны Батыс Қазақстан (91,9%), Шығыс Қазақстан (98,1%), Атырау (98,3%) және Ақмола (98,6%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.