2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі құрылыс (111,5%), көлік және қоймалау (107,2%) және сауда (106,2%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі өнеркәсіп (102,9%), байланыс (104,6%) және ауыл шаруашылығы (105,8%) салаларында қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Түркістан облысында (117,9%), Шымкент қаласында (117,6%) және Алматы облысында (113,3%) байқалады. Теріс өсім қарқыны Батыс Қазақстан (90,8%), Атырау (95,8%), Шығыс Қазақстан (97,7%) және Ақмола (99,9%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.