| Ағымдағы бағада, млн. теңге |
Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
| нақты көлем индексі | дефлятор | |||
| Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 42 230 541,3 | 102,1 | 109,6 | 60,8 |
| үй шаруашылықтарының | 33 682 224,4 | 102,0 | 110,8 | 48,5 |
| мемлекеттік басқару органдарының | 8 339 889,2 | 103,4 | 105,1 | 12,0 |
| жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге | 4 461 089,7 | 95,1 | 106,1 | 6,4 |
| ұжымдық қызмет көрсетулерге | 3 878 799,5 | 114,7 | 104,0 | 5,6 |
| үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 208 427,7 | 80,5 | 100,6 | 0,3 |
| Жалпы қорланым | 19 677 042,9 | 104,1 | 103,7 | 28,4 |
| негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 16 221 891,1 | 105,0 | 103,7 | 23,4 |
| материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 3 455 151,8 | - | 104,0 | 5,0 |
| Таза экспорт | 7 460 428,7 | - | - | 10,8 |
| тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 26 842 295,2 | 103,9 | 114,3 | 38,7 |
| тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 19 381 866,5 | 99,9 | 102,1 | 27,9 |
| Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 69 368 012,9 | 104,1 | 111,9 | 100,0 |
| Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 71 215 382,4 | 104,1 | 111,4 | - |
| Статистикалық алшақтық* | 1 847 369,5 | - | - | - |
*Статистикалық алшақтық бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2026 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша түпкілікті тұтынуға шығыстардың үлесі 60,8%, жалпы қорланым – 28,4%, таза экспорт – 10,8% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 2%-ға, мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 3,4%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 2,1%-ға өсуі байқалады.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 5% құрады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.