Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2026 жылғы қаңтар-маусымда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 5,1%, 3,6% және 3,3% құрады.
Нақты мәнде құрылыс (15,2%), өңдеу өнеркәсібі (9,8%), көлік және жинақтау (7,1%), көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (5,7%) және ауыл, орман және балық шаруашылығы (4,4%) салалары ең көп өсімді көрсетті.
| Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
| НКИ | дефлятор | |||
| Жалпы ішкі өнім | 70 948 693,3 | 104,1 | 111,1 | 100,0 |
| Тауарлар өндіру | 25 840 005,1 | 105,1 | 112,4 | 36,4 |
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 1 623 359,6 | 104,4 | 114,6 | 2,3 |
| Өнеркәсіп | 20 309 939,0 | 103,3 | 113,5 | 28,6 |
| Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 8 923 851,1 | 96,0 | 112,7 | 12,6 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 9 909 298,6 | 109,8 | 114,5 | 14,0 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 1 292 417,6 | 110,5 | 112,6 | 1,8 |
| Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 184 371,7 | 109,8 | 106,5 | 0,2 |
| Құрылыс | 3 906 706,5 | 115,2 | 106,0 | 5,5 |
| Қызметтер өндіру | 39 318 177,8 | 103,6 | 108,1 | 55,4 |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 11 709 267,6 | 105,7 | 110,2 | 16,5 |
| Көлік және жинақтау | 4 974 008,7 | 107,1 | 111,2 | 7,0 |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 603 225,7 | 100,8 | 114,0 | 0,9 |
| Ақпарат және байланыс | 1 478 312,7 | 104,3 | 104,4 | 2,1 |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 2 911 272,2 | 102,9 | 105,0 | 4,1 |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 6 120 694,6 | 101,0 | 118,1 | 8,6 |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 2 420 676,9 | 101,5 | 109,7 | 3,4 |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 1 373 414,6 | 102,0 | 111,9 | 1,9 |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 1 426 519,5 | 101,9 | 100,4 | 2,0 |
| Білім беру | 2 657 042,2 | 101,6 | 94,2 | 3,7 |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 1 269 128,8 | 101,6 | 75,4 | 1,8 |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 646 778,9 | 103,7 | 117,7 | 0,9 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 1 680 288,4 | 101,3 | 117,2 | 2,4 |
| Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 47 547,0 | 101,0 | 110,9 | 0,1 |
| Жалпы қосылған құн | 65 158 182,9 | 104,2 | 109,7 | 91,8 |
| Өнімдерге салынатын салықтар | 5 790 510,4 | 103,3 | 128,3 | 8,2 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 36,4% және 55,4% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 28,6% алып отыр.
ЖІӨ өсіміне өңдеу өнеркәсібі – 1,25 пт., көтерме және бөлшек сауда – 0,93 пт., құрылыс – 0,79 пт. үлкен үлес қосты.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.