Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    105,1%
    2026 жылғы қаңтар-маусымда 2025 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 105,1% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2026 жылғы қаңтар-маусымда 2025 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі құрылыс (115,2%), көлік және қоймалау (107,1%) және сауда (105,7%) салаларында байқалады.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімі өнеркәсіп (103,5%), байланыс (104,3%) және ауыл шаруашылығы (104,4%) салаларында қалыптасты.

    2026 жылғы қаңтар-маусымда 2025 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Түркістан (126,3%), Ұлытау (117,0%) және Алматы (114,8%) облыстарында байқалады. Теріс өсім қарқыны Батыс Қазақстан (93,6%), Атырау (94,7%), Ақмола (99,5%) және Шығыс Қазақстан (99,8%) облыстарында қалыптасты.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Белоносова Н.Е.
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    Ә. Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kаbylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс