| Ағымдағы бағада, млн. теңге |
Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
| нақты көлем индексі | дефлятор | |||
| Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 22 528 738,1 | 106,7 | 110,7 | 67,8 |
| үй шаруашылықтарының | 18 488 925,3 | 105,7 | 111,7 | 55,7 |
| мемлекеттік басқару органдарының | 3 870 848,9 | 112,8 | 106,8 | 11,6 |
| жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге | 2 195 107,0 | 105,9 | 110,5 | 6,6 |
| ұжымдық қызмет көрсетулерге | 1 675 741,9 | 122,6 | 102,4 | 5,0 |
| үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 168 963,9 | 88,5 | 93,9 | 0,5 |
| Жалпы қорланым | 8 749 461,2 | 107,2 | 108,7 | 26,4 |
| негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 7 462 432,8 | 107,9 | 109,5 | 22,5 |
| материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 1 287 028,4 | - | 104,1 | 3,9 |
| Таза экспорт | 1 929 300,9 | - | - | 5,8 |
| тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 11 146 094,7 | 94,1 | 103,5 | 33,6 |
| тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 9 216 793,8 | 103,1 | 106,9 | 27,8 |
| Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 33 207 500,2 | 103,0 | 108,7 | 100,0 |
| Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 34 102 358,1 | 103,0 | 108,7 | - |
| Статистикалық алшақтық* | 894 857,9 | - | - | - |
*Статистикалық алшақтық бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2026 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша түпкілікті тұтынуға шығыстардың үлесі 67,8%, жалпы қорланым – 26,4%, таза экспорт – 5,8% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 5,7%-ға, мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 12,8%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 6,7%-ға өсуі байқалады.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 7,9% құрады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.