Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    104,2%
    2026 жылғы қаңтар-сәуірде 2025 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 104,2% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2026 жылғы қаңтар-сәуірде 2025 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі құрылыс (114,5%), көлік және қоймалау (112%) және сауда (105,1%) салаларында байқалады.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімі өнеркәсіп (101,9%), ауыл шаруашылығы (103,6%) және байланыс (103,8%) салаларында қалыптасты.

    2026 жылғы қаңтар-сәуірде 2025 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Түркістан (125,2%), Ұлытау (120,4%) және Солтүстік Қазақстан (120,3%) облыстарында байқалады. Теріс өсім қарқыны Атырау (88,2%), Батыс Қазақстан (91,6%), Ақмола (94,7%) және Шығыс Қазақстан (97,8%) облыстарында қалыптасты.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    Ә. Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kаbylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, г. Астана
    Мәңгілік ел даңғылығы, 8
    Министерліктер Үйі, 4 кіреберіс