Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    109,1%
    2025 жылғы қаңтар-қарашада 2024 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 109,1% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2025 жылғы қаңтар-қарашада 2024 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (120,3%), құрылыс (114,7%), сауда (108,8%) және өнеркәсіп (107,4%) салаларында байқалады.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (103,8%) және ауыл шаруашылығы (106,1%) салаларында қалыптасты.

    2025 жылғы қаңтар-қарашада 2024 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Астана қаласында (118,6%), Атырау облысында (114,7%), Түркістан облысында (114,4%) және Шымкент қаласында (114,2%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан (99%) облысында қалыптасты.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    Ә. Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kаbylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші