2025 жылғы қаңтар-маусымда 2024 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (122,7%), құрылыс (118,4%), сауда (108,4%) және өнеркәсіп (106,5%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (103,1%) және ауыл шаруашылығы (103,7%) салаларында қалыптасты.
2025 жылғы қаңтар-маусымда 2024 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Түркістан облысында (118%), Астана қаласында (117,6%), Шымкент қаласында (115,7%) және Жетісу облысында (114,9%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан облысында (95,1%) қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.