2025 жылғы қаңтар-наурызда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 7,7%, 4,5% және 4% құрады.
Ағымдағы бағаларда, млн. теңге | Алдыңғы жылғы тиісті кезеңге, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Жалпы ішкі өнім | 30 422 988,8 | 105,6 | 110,7 | 100,0 |
Тауарлар өндіру | 10 690 212,0 | 107,7 | 109,1 | 35,1 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 587 822,5 | 103,7 | 96,3 | 1,9 |
Өнеркәсіп | 8 571 472,4 | 106,6 | 108,8 | 28,2 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 3 704 687,7 | 106,1 | 106,6 | 12,2 |
Өңдеу өнеркәсібі | 4 237 912,6 | 108,7 | 110,4 | 13,9 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 543 496,4 | 97,2 | 111,8 | 1,8 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 85 375,7 | 93,9 | 112,1 | 0,3 |
Құрылыс | 1 530 917,1 | 116,9 | 116,6 | 5,0 |
Қызметтер өндіру | 17 726 937,8 | 104,5 | 112,4 | 58,3 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 5 033 019,5 | 106,3 | 110,3 | 16,5 |
Көлік және жинақтау | 1 991 411,2 | 121,0 | 106,0 | 6,5 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 259 225,7 | 102,3 | 108,7 | 0,9 |
Ақпарат және байланыс | 577 099,8 | 102,4 | 114,7 | 1,9 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 1 283 555,3 | 101,7 | 122,3 | 4,2 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 2 698 665,0 | 101,6 | 114,5 | 8,9 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 1 326 245,9 | 96,2 | 117,3 | 4,4 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 628 507,3 | 96,9 | 110,1 | 2,1 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 665 821,6 | 102,2 | 120,0 | 2,2 |
Білім беру | 1 263 019,0 | 102,2 | 110,6 | 4,2 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 794 234,9 | 102,1 | 107,5 | 2,6 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 342 696,6 | 102,7 | 120,9 | 1,1 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 840 804,9 | 101,6 | 114,7 | 2,7 |
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 22 631,1 | 100,0 | 109,4 | 0,1 |
Жалпы қосылған құн | 28 417 149,8 | 105,7 | 111,1 | 93,4 |
Өнімдерге салынатын салықтар | 2 005 839,0 | 104,0 | 105,3 | 6,6 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ-дегі үлестері тиісінше 35,1% және 58,3% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 28,2% алып отыр.
ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,6%-ға өсті.
«Құрылыс» (36,3%), «Көлік және жинақтау» (28,2%), «Қаржы және сақтандыру қызметі» (24,4%), «Өнер, ойын-сауық және демалыс» (24,2%), «Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру» (22,6%), «Өңдеу өнеркәсібі» (20%) салалары ең көп өсімді көрсетті.
Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).
2021 жылғы ІІ тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.