Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    108,3%
    2025 жылғы қаңтар-наурызда 2024 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 108,3% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2025 жылғы қаңтар-наурызда 2024 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (121,0%), құрылыс (116,9%), өнеркәсіп (106,7%) және сауда (106,3%) салаларында байқалады.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (99,6%) және ауыл шаруашылығы (103,7%) салаларында қалыптасты.

    2025 жылғы қаңтар-наурызда 2024 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Астана қаласында (124,7%), Түркістан облысында (117,5%), Жетісу облысында (116,5%) және Шымкент қаласында (116,5%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан облысында (92,3%) және Ұлытау облысында (99,8%) қалыптасты.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нұрсұлтанова А.А.
    (Департамент директорының м.а.).
    Тел. +7 7172 74 95 26
    Орындаушы:
    Қабылбекова Ә. Б.
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kаbylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші