Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    135 251 663,6 млн.
    2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (жедел деректер бойынша) 135251663,6 млн. теңгені құрады.
    4,8%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 4,8% ға өсті.
    288 112,8 млн.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 288112,8 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2024 жылы қаңтар-желтоқсанда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 5,6%, 4,7% және 1,3% құрады.

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағаларда, млн. теңге Алдыңғы жылғы тиісті кезеңге, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 135 251 663,6 104,8 108,1 100,0
    Тауарлар өндіру 47 807 673,4 105,6 104,6 35,3
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 5 322 726,7 113,7 102,5 3,9
    Өнеркәсіп 34 640 814,9 102,8 105,2 25,6
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 16 152 172,7 99,8 105,3 11,9
    Өңдеу өнеркәсібі 16 171 087,5 105,9 104,0 12,0
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 2 006 531,2 104,5 113,6 1,5
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 311 023,5 99,7 111,4 0,2
    Құрылыс 7 844 131,8 113,1 103,2 5,8
    Қызметтер өндіру 78 729 998,9 104,7 111,7 58,3
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 25 804 629,1 109,1 108,4 19,1
    Көлік және жинақтау 7 533 043,0 108,5 103,4 5,6
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 1 530 305,4 101,5 115,5 1,1
    Ақпарат және байланыс 2 948 716,4 105,0 108,2 2,2
    Қаржы және сақтандыру қызметі 4 519 171,6 101,9 112,7 3,3
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 11 088 679,2 101,5 122,2 8,2
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 4 834 208,5 100,7 114,6 3,6
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 3 229 769,6 101,7 112,5 2,4
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 2 634 589,5 102,2 105,5 2,0
    Білім беру 6 133 475,0 101,6 113,1 4,5
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 3 979 298,4 101,6 112,2 2,9
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 1 239 143,1 101,7 116,3 0,9
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 3 035 042,8 99,4 124,1 2,3
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 219 927,3 100,5 108,7 0,2
    Жалпы қосылған құн 126 537 672,3 105,1 108,9 93,6
    Өнімдерге салынатын салықтар 8 713 991,3 101,3 97,3 6,4

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ-дегі үлестері тиісінше 35,3% және 58,3% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 25,6% алып отыр.

    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 4,8%-ға өсті.

    «Жылжымайтын мүлікпен операциялар» (24%), «Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау» (18,7%), «Өнер, ойын-сауық және демалыс» (18,3%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (18,3%), «Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету» (17,2%) салалары ең көп өсімді көрсетті.

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).

    2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    И.Қ.Баймұратова,
    З.А. Жүнісова, Д.Қ. Ибраева
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    [email protected]
    [email protected]
    [email protected]
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші