Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    106,2%
    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 106,2% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (113,7%), құрылыс (113,1%), сауда (109,1%) және көлік және қоймалау (108,5%) салалары болды.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (102,8%) және байланыс (105,0%) салалары болды.

    2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқынын Солтүстік Қазақстан (120,0%), Жетісу (114,8%) және Қарағанды (113,7%) облыстары көрсетті. Теріс өсім Атырау облысында (92,0%) қалыптасты.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нақыпбеков Ә.Е.
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Қабылбекова Ә. Б.
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kаbylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші