2025 жылғы қаңтар-ақпанда 2024 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (121,3%), құрылыс (112,8%), сауда (106,0%) және өнеркәсіп (105,7%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (100%) және ауыл шаруашылығы (103,2%) салаларында қалыптасты.
2025 жылғы қаңтар-ақпанда 2024 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Астана қаласында (123,5%), Жетісу облысында (118,9%), Шымкент қаласында (115,7%) және Алматы облысында (115,3%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан (94,8%)%) облысында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.