Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    104,5%
    2025 жылғы қаңтарда 2024 жылғы қаңтарға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 104,5% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2025 жылғы қаңтарда 2024 жылғы қаңтарға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (119,0%), құрылыс (112,7%), сауда (103,9%) және ауыл шаруашылығы (103,8%) салаларында байқалады.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (99,5%) және өнеркәсіп (102,3%) салаларында қалыптасты.

    2025 жылғы қаңтарда 2024 жылғы қаңтарға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Астана қаласында (125,4%), Шымкент қаласында (121,0%) және Жамбыл облысында (114,1%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан (87,3%), Атырау (96,6%), Қостанай (98,0%) және Ақтөбе (98,7%) облыстарында қалыптасты.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нақыпбеков Ә.Е.
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Қабылбекова Ә. Б.
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kа[email protected]
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші