Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    105,6%
    2024 жылғы қаңтар-қарашада 2023 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 105,6% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2024 жылғы қаңтар-қарашада 2023 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (113,4%), құрылыс (110,3%), сауда (108,2%) және көлік және қоймалау (108,1%) салалары болды.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (102,7%) және байланыс (105,3%) салалары болды.

    2024 жылғы қаңтар-қарашада 2023 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқынын Солтүстік Қазақстан (118,9%), Қарағанды (114,6%) және Жетісу (112,3%) облыстары көрсетті. Теріс өсім Атырау облысында (92,2%) қалыптасты.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нақыпбеков Ә.Е.
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Қабылбекова Ә. Б.
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: a.kаbylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші