2024 жылғы қаңтар-қазанда 2023 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (112,7%), құрылыс (110,2%) және көлік және қоймалау (107,9%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (102,6%), байланыс (105,7%) және сауда (107,3%) салалары болды.
2024 жылғы қаңтар-қазанда 2023 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқынын Солтүстік Қазақстан (116,5%), Қарағанды (113,7%) және Ұлытау (113,4%) облыстары көрсетті. Теріс өсім Атырау облысында (92,3%) қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.