Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    104,4%
    2024 жылғы қаңтар-тамызда 2023 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 104,4% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2024 жылғы қаңтар-тамызда 2023 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (108,8%), көлік және жинақтау (107,9%) және байланыс (107,4%) салалары болды.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (103,0%), ауыл шаруашылығы (103,7%) және сауда (105,5%) салалары болды.

    2024 жылғы қаңтар-тамызда 2023 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Атырау (94,8%), Қостанай (99,2%) және Батыс Қазақстан облыстарында (99,8%) қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Жетісу облысы (112,4%), Қарағанды облысы (112,2%) және Шымкент қаласы (112,1%) көрсетті.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нақыпбеков Ә.Е.
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Д. Күмісбек
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail: d.kumisbek@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші