Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    104,1%
    2024 жылғы қаңтар-шілдеде 2023 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ)104,1% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2024 жылғы қаңтар-шілдеде 2023 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (108,7%), байланыс (108,3%) және көлік және жинақтау (107,4%) салалары болды.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (102,9%), ауыл шаруашылығы (103,7%) және сауда (104,9%) салалары болды.

    2024 жылғы қаңтар-шілдеде 2023 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Атырау (95,6%),Қостанай (97,6%) облыстарында қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Қарағанды облысы(112,5%), Жетісу облысы (112,4%) және Шымкент қаласы (111,6%) көрсетті.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нақыпбеков Ә.Е.
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Д. Күмісбек
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail: d.kumisbek@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші