Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    25 666 420 млн.
    2024 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (жедел деректер бойынша) 25666420 млн. теңгені құрады.
    3,7%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3,7%-ға өсті.
    56 996 млн.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 56996 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2024 жылы қаңтар-наурызда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 5,1%, 2,9% және 3,7% құрады.

    1 кесте
    2024 жылғы қаңтар-наурыздағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағаларда, млн. теңге Алдыңғы жылғы тиісті кезеңге, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 25 666 420,0 103,7 104,9 100,0
    Тауарлар өндіру 9 087 995,7 105,1 103,7 35,5
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 588 435,9 101,6 106,7 2,3
    Өнеркәсіп 7 376 720,8 103,9 103,1 28,8
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 3 273 203,4 101,9 105,6 12,8
    Өңдеу өнеркәсібі 3 530 382,8 105,6 99,1 13,8
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 500 171,8 105,5 117,7 1,9
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 72 962,8 102,7 103,4 0,3
    Құрылыс 1 122 839,0 115,9 106,4 4,4
    Қызметтер өндіру 14 746 171,3 102,9 109,1 57,4
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 4 267 998,4 103,3 108,8 16,6
    Көлік және жинақтау 1 552 586,5 108,3 106,8 6,0
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 200 669,4 94,4 93,3 0,8
    Ақпарат және байланыс 452 416,4 109,3 100,7 1,8
    Қаржы және сақтандыру қызметі 695 281,2 101,8 76,7 2,7
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 2 309 189,8 101,5 118,2 8,9
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 1 358 796,4 99,9 116,2 5,3
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 502 789,6 100,3 97,2 2,0
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 542 876,3 97,7 110,6 2,1
    Білім беру 1 127 349,4 102,0 117,3 4,4
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 723 367,9 101,1 115,0 2,8
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 275 954,3 103,2 122,7 1,1
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 716 363,1 109,1 118,4 2,8
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 20 532,6 100,0 109,3 0,1
    Жалпы қосылған құн 23 834 167,0 103,7 107,0 92,9
    Өнімдерге салынатын салықтар 1 832 253,0 103,7 84,0 7,1

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 35,5% және 57,4% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 28,8% алып отыр.

    1 сурет
    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3,7%-ға өсті. «Құрылыс» (15,9%), «Ақпарат және байланыс» (9,3%), «Көлік және жинақтау» (8,3%), «Өңдеу өнеркәсібі» (5,6%), «Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау» (5,5%) салалары ең көп өсімді көрсетті.

    2 сурет

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).

    2021 жылғы ІІ тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    3 сурет
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    И.Қ.Баймұратова,
    З.А. Жүнісова, С.О. Кішкенінова
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    [email protected]
    [email protected]
    [email protected]
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші