2023 жылы қаңтар-желтоқсанда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 3,9%, 5,7% және 7,6% құрады.
Ағымдағы бағаларда, млн. теңге | Алдыңғы жылғы тиісті кезеңге, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Жалпы ішкі өнім | 119 251 165,7 | 105,1 | 110,2 | 100,0 |
Тауарлар өндіру | 43 327 657,8 | 103,9 | 100,0 | 36,3 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 5 109 629,8 | 92,3 | 101,7 | 4,3 |
Өнеркәсіп | 31 567 614,7 | 104,2 | 98,2 | 26,4 |
Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 15 056 086,5 | 104,6 | 94,6 | 12,6 |
Өңдеу өнеркәсібі | 14 664 852,6 | 104,1 | 101,1 | 12,3 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 1 596 398,5 | 101,8 | 108,0 | 1,3 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 250 277,1 | 101,9 | 98,7 | 0,2 |
Құрылыс | 6 650 413,3 | 113,3 | 107,6 | 5,6 |
Қызметтер өндіру | 66 742 762,6 | 105,7 | 117,3 | 56,0 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 21 716 990,3 | 111,3 | 114,5 | 18,2 |
Көлік жәнежинақтау | 6 368 105,2 | 107,1 | 106,9 | 5,3 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 1 293 205,2 | 106,5 | 115,4 | 1,1 |
Ақпарат және байланыс | 2 362 883,4 | 107,1 | 104,6 | 2,0 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 3 855 702,8 | 101,5 | 119,8 | 3,2 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 8 778 245,3 | 102,8 | 126,8 | 7,4 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 4 260 070,1 | 102,6 | 121,1 | 3,6 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 2 801 584,0 | 100,9 | 125,1 | 2,3 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 2 248 364,8 | 102,4 | 112,0 | 1,9 |
Білім беру | 5 129 317,0 | 101,7 | 119,4 | 4,3 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 3 678 402,3 | 101,0 | 123,1 | 3,1 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 1 172 395,6 | 100,1 | 126,1 | 1,0 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 3 005 063,7 | 102,0 | 126,0 | 2,5 |
Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 72 432,9 | 100,8 | 114,5 | 0,1 |
Жалпы қосылған құн | 110 070 420,4 | 104,9 | 109,8 | 92,3 |
Өнімдерге салынатын салықтар | 9 180 745,3 | 107,6 | 115,3 | 7,7 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 36,3% және 56% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 26,4% алып отыр.
ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1%-ға өсті. «Құрылыс» (13,3%), «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (11,3%), «Ақпарат және байланыс» (7,1%), «Көлік және жинақтау» (7,1%), «Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету» (6,5%) салалары ең көп өсімді көрсетті.
Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).
2021 жылғы ІІ тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.