ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросы жалпы халықтың, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің деректермен жұмыс істеу дағдыларын арттыру мақсатында мәліметтермен тегін жұмыс істеу бойынша оқыту бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.
Бағдарлама статистикалық сауаттылықты арттыруға және Қазақстан үшін бейімделген және қолданбалы кейстер арқылы деректер негізінде шешім қабылдау мәдениетін (Data driven decision making) енгізуге бағытталған. Бағдарлама халық пен мемлекеттік органдар тарапынан деректерге сұранысты арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға алып келеді.
Сонымен қатар, Бағдарлама қатысушылардың білімі мен қажеттіліктерінің әр түрлі деңгейіне, білімнің бастапқы деңгейінен бастап, дата-талдаушылар мен дата-сайентистердің ең озық деңгейіне дейін бағытталған.
Бастапқы курста азаматтарды, оқушылар мен студенттерді статистиканың алғашқы негіздеріне үйрету көзделеді.
Сонымен қатар, оқу материалының қолжетімділігі статистикадағы мақсатты аудиторияның хабардарлығын үнемі арттыруға мүмкіндік береді.
Платформа сілтеме арқылы қол жетімді https://dataliteracyhub.stat.gov.kz