Бүгінгі күні Бюро өз қызметкерлері мен жалпы жұртшылықтың деректер саласындағы сауаттылығын арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.
Статистика саласында кадрлық әлеуетті дамыту, сондай-ақ статистикалық деректерді пайдалану тәжірибесін танымал ету мақсатында Бюро қызметкерлерін оқыту қызметіне тарту арқылы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Аталған жұмыс шеңберінде ЖОО-мен (М.В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы, Astana IT University, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы) ынтымақтастық меморандумдары жасалды. Бюро қызметкерлері қонақ дәрістерін өткізеді, сондай-ақ жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.
Сонымен қатар, Бюро жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізу үшін статистикалық әдіснама және статистикалық индикаторларды талдау бойынша әмбебап модуль әзірледі.
Сонымен ағымдағы жылдың 7 ақпанында М.В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалында «Экономика» мамандығы бойынша 3-курс студенттеріне арналған «Статистикалық индикаторлардың әдіснамасы мен талдауы» модулі аясында алғашқы дәріс өтті. Модуль Бюро қалыптастыратын негізгі көрсеткіштерді есептеу әдістері сипатталған 9 блоктан тұрады.