Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    20 499 822
    Барлық халық – 20499822 адам;
    13 085 110
    Қалалық – 13085110 адам;
    7 414 712
    Ауылдық – 7414712 адам ;
    10 020 683
    Ерлер – 10020683 адам;
    10 479 139
    Әйелдер – 10479139 адам.
    14 664 202
    2026 жыл басына этникалық құрам: Қазақтар – 14664202 адам (71,5%);
    2 943 022
    Орыстар – 2943022 адам (14,4%);
    695 557
    Өзбектер – 695557 адам (3,4%).

    2026 жыл басына еңбекке жарамды жастағы халықтың 1000 адамына демографиялық жүктеме – 745,15 адам, оның ішінде еңбекке жарамды жастан төмен халық – 527,04 адам, еңбекке жарамды жастан асқан халық – 218,11 адам.

    Глоссарий

    Халық саны – белгілі бір уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны;

    Халықтың жалпы өсімі (кемуі) – халықтың табиғи өсімінің (кемуінің) және көші-қон өсімінің (кемуінің) алгебралық сомасы;

    Халықтың көші-қон өсімі (кемуі) – белгілі бір кезеңде аймақ аумағына келгендер саны мен одан тыс жерлерге кеткендер саны арасындағы айырмашылық;

    Халықтың табиғи өсімі (кемуі) – тірі туғандар саны мен белгілі бір кезеңдегі қайтыс болғандар саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халық саны – қазіргі уақытта осы аумақта тұратын адамдардың саны. Жыл басындағы ағымдағы бағалау соңғы санақтың қорытындылары негізінде есептеледі, оған жыл сайын осы аумаққа туғандар мен тұрақты тұруға келгендердің саны қосылады және осы аумақтан қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткендердің саны шегеріледі. Өткен жылдардағы халық санының ағымдағы бағалары кезекті санақ қорытындылары негізінде нақтыланады.

    Халықтың жалпы санын есептеу тұтастай алғанда Қазақстан және оның жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері (қалалық қоныстар, қалалық аудандар, әкімшілік аудандар) бойынша жүргізіледі. Есептеулерде жекелеген аумақтардың шекараларының өзгеруі нәтижесінде халық санының ұлғаюы немесе қысқаруы, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық қайта құру нәтижесінде қала және ауыл халқы санының өзгеруі ескеріледі.

    Халық саны қалалық және ауылдық тұрғындарға бөлінеді. Қала халқы – қалалық елді мекендерде тұратын халық. Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы кенттер жатады. Ауыл халқы – ауылдық жерлерде тұратын халық. Қалалық ретінде жіктелмеген елді мекендер ауылдық болып саналады.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    А. Айтбайқызы
    Тел. +7 7172 749540
    E-mail: ai.kanasheva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс