Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    184,7 мың
    Туғандар саны 184,7 мың адамды құрады
    66, мың
    Қайтыс болғандар саны 66, мың адамды құрады
    118,6 мың
    Халықтың табиғи өсімі 118,6 мың адамды құрады
    57,5 мың
    57,5 мың неке тіркелді
    18,6 мың
    18,6 мың ажырасу тіркелді
    • Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға 24,80 адам), Түркістан облысында (24,78) және Шымкент қаласында (23,55) байқалды.
    • Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1000 тұрғынға 11,77), Шығыс Қазақстан облысында (11,36) және Қостанай облысында (10,16) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.
    Глоссарий

    Халықтың табиғи өсуі - елгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең.

    Туу - осы елді мекендегі бала туудың жиілігімен және сипаттамасымен (анасының жасы, бала туудың кезектілігі және т.б.) анықталады.

    Өлім-жітім - бұл халықтың әртүрлі жастарында орын алған көптеген жекелеген өлімнен тұратын ұрпақтың жойылу процесі;

    Өлім себебі - өлімге әкеп соқтырған немесе оған алып келген аурулар, патологиялық жағдайлар немесе жарақаттар, сондай-ақ өліммен аяқталған жарақатты алған жазатайым оқиға немесе зорлық-зомбылық оқиғалары;

    Репродуктивті кезең (жас) - әйел босануға қабілетті уақыт кезеңі. Статистикалық мақсаттар үшін көптеген елдерде 15-49 жыл кезеңі болжанады;

    Халықты көбейту - туу мен өлім-жітімді өзара әрекеттесу нәтижесінде адамдардың ұрпақтарын үздіксіз жаңарту процесі.

    Некелесу – халықта неке (ерлі-зайыптылық) жұптарын құру үдерісі;

    Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу – ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туғандар санына тек тірі туғандар енгізілген.

    Қазақстанда «тірі туу» және «өлі туу» ұғымы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарына сәйкес келеді.

    Тірі туу (ДДҰ анықтамасы бойынша) – жүктілік ұзақтығына қарамастан ұрықтану өнімін ананың ағзасынан толық алу немесе шығарып алу, бұл ретте мұндай бөлінуден кейін ұрық тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндікбауы кесілген немесе кесілмегеніне және плацента бөлінгені немесе бөлінбегеніне қарамастан, кіндікбау тамырының соғуы немесе бұлшықеттердің еркін қимылы сияқты өмірдің басқа белгілерін көрсетеді.

    Табиғи өсімнің коэффициенті – туу мен өлім-жітімнің жалпы коэффициенттерінің айырмасы.

    Туудың жалпы коэффициенті – бала туу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.

    Өлімнің жалпы коэффициенті – халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.

    Нәресте өлімінің коэффициенті – 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.

    Некелер туралы мәліметтер АХАТ органдары жасаған азаматтық хал актілерінің деректерін жыл сайынғы статистикалық өңдеу негізінде алынған. Кестедегі деректер АХАТ органдарында тіркелген неке жағдайларын ғана қамтиды.

    Ажырасулар (некенің бұзылуы) туралы мәліметтер АХАТ органдары жасаған азаматтық хал актілерінің деректерін, сондай-ақ некенің бұзылуы туралы со шешімдерін жыл сайынғы статистикалық өңдеу негізінде алынған.

    Неке мен ажырасудың жалпы коэффициенттері халықтың орташа санында күнтізбелік бір кезеңде тиісінше некелескендер және ажырасқандар санының қатынасымен есептеледі.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжигитов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Е. Көпес
    Тел. +7 7172 749343
    E-mail: er.kopes@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші