2026 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 263691 теңгені құрады және 2025 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда 11,2%-ға өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (10,4%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 0,7%-ға өсті.
| Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге | 2026 жылғы II тоқсан 2025 жылғы II тоқсанға, пайызбен | |||
| 2026 жылғы II тоқсан | 2025 жылғы II тоқсан | атаулы | нақты | |
| Қазақстан Республикасы | 263 691 | 237 159 | 111,2 | 100,7 |
| Абай | 232 676 | 210 195 | 110,7 | 100,4 |
| Ақмола | 240 609 | 212 084 | 113,4 | 100,8 |
| Ақтөбе | 237 753 | 212 279 | 112,0 | 101,4 |
| Алматы | 197 279 | 175 677 | 112,3 | 101,3 |
| Атырау | 304 479 | 309 092 | 98,5 | 88,2 |
| Батыс Қазақстан | 234 422 | 217 519 | 107,8 | 97,7 |
| Жамбыл | 179 360 | 168 660 | 106,3 | 96,2 |
| Жетісу | 180 101 | 172 082 | 104,7 | 93,8 |
| Қарағанды | 286 829 | 256 931 | 111,6 | 102,2 |
| Қостанай | 262 497 | 230 396 | 113,9 | 103,1 |
| Қызылорда | 188 788 | 176 009 | 107,3 | 96,8 |
| Маңғыстау | 289 938 | 278 367 | 104,2 | 93,6 |
| Павлодар | 287 897 | 261 232 | 110,2 | 99,3 |
| Солтүстік Қазақстан | 232 657 | 206 196 | 112,8 | 99,6 |
| Түркістан | 152 711 | 135 248 | 112,9 | 101,5 |
| Ұлытау | 313 488 | 302 771 | 103,5 | 91,5 |
| Шығыс Қазақстан | 293 783 | 257 663 | 114,0 | 103,3 |
| Астана қаласы | 365 451 | 336 149 | 108,7 | 99,4 |
| Алматы қаласы | 427 584 | 373 848 | 114,4 | 104,7 |
| Шымкент қаласы | 169 512 | 154 286 | 109,9 | 99,8 |
| Max | 427 584 | 373 848 | 114,4 | 104,7 |
| Min | 152 711 | 135 248 | 98,5 | 88,2 |
| Max /Min, раз | 2,8 | 2,8 | 1,2 | 1,2 |
2026 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мәні Алматы қаласында (427584 теңге) және Астана (365451 теңге) қаласында тіркелген.
Өңірлер бөлінісінде өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстардың ең үлкен өсімі Алматы қаласында – 14,4% тіркелді.
* Алдын ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі.
Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) - халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты. Олардың шамасы макродеңгейдегі есептік әдіспен айқындалады, жалдамалы және дербес жұмыспен қамтудан халықтың ақшалай кірістерін бағалауды (еңбекақы төлеуді жасыруға және жұмыспен қамтылған халық санын статистикалық есептілікпен қамтымауға жете есептей отырып) және әлеуметтік трансферттер төлеуді қамтиды;
Атаулы ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
Нақты ақшалай табыстар индексі - базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін ескере отырып, атаулы ақшалай табыстардың өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс - жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;
Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры - ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;
Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс - өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;
Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.
Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.
Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі - ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:
1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;
3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;
5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;
6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.
Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу
ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.
Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:
Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.
Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.
Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.
Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.
ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:
Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу
Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.
Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысты есептеу ағымдағы көрсеткішті базистік кезеңнің салыстырмалы бағаларына келтіру әдісімен мына формула бойынша жүзеге асырылады: