Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2023 жылдың III тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,1 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 6,9 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76%) жалдамалы жұмыспен, 2,2 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 24%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.
2022 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту 134,5 мың адамға, негізінен жалдамалы жұмыскерлердің (78,4 мың адам) есебінен өсті, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны (56,1 мың адам) өсті.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,6%), білім беру (12,8%), ауыл шаруашылығы (12,2%) және өнеркәсіп (12,1%) салаларында байқалды.
Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылған халыққа аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 38 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 40 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 34 сағатты құрады.
Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адамдар саны (әлеуетті жұмыс күші) 23 мың адамды құрады.
Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 31,2%-ын құрады.
2022 жылғы III тоқсанымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі (ХЕҰ әдіснамасы бойынша) 4,7% деңгейіне дейін төмендеді.
ҚР ЕХӘЖҚМ жұмыспен қамту органдарында ағымдағы жылғы қыркүйек айының соңына 295,8 мың адам жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі өткен жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 0,3 п.т. өсті және жұмыс күшінің санынан 3,1% құрады.
15 пен 34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,3%-ды құрады.
Жұмыс күші, адам | Жұмыспен қамтылған халық, адам | Соның ішінде | Жұмыссыз халық, адам | Жұмыссыздық деңгейі , % |
Жастар ( 15-34 жаста) жұмыссыздығы деңгейі1), % |
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар, адам | ||
жалдамалы қызметкерлер | өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер | |||||||
2021 | ||||||||
I тоқсан | 9 232 393 | 8 781 122 | 6 702 718 | 2 078 404 | 451 271 | 4,9 | 3,7 | 4 108 763 |
II тоқсан | 9 256 383 | 8 805 024 | 6 700 319 | 2 104 705 | 451 359 | 4,9 | 3,7 | 4 072 404 |
III тоқсан | 9 263 614 | 8 812 861 | 6 684 896 | 2 127 965 | 450 753 | 4,9 | 3,7 | 4 063 470 |
IV тоқсан | 9 262 301 | 8 811 894 | 6 717 036 | 2 094 858 | 450 407 | 4,9 | 3,7 | 4 058 508 |
2022 | ||||||||
I тоқсан | 9 419 497 | 8 959 601 | 6 860 875 | 2 098 726 | 459 896 | 4,9 | 4,0 | 4 267 930 |
II тоқсан | 9 431 321 | 8 971 044 | 6 841 372 | 2 129 390 | 460 277 | 4,9 | 3,9 | 4 257 752 |
III тоқсан | 9 430 788 | 8 971 603 | 6 837 764 | 2 133 839 | 459 185 | 4,9 | 3,9 | 4 260 470 |
IV тоқсан | 9 421 585 | 8 965 536 | 6 830 886 | 2 134 650 | 456 049 | 4,8 | 3,8 | 4 268 903 |
2023 | ||||||||
I тоқсан | 9 485 343 | 9 031 890 | 6 900 406 | 2 131 484 | 453 453 | 4,8 | 4,1 | 4 410 747 |
II тоқсан | 9 567 725 | 9 115 082 | 6 945 820 | 2 169 262 | 452 643 | 4,7 | 3,6 | 4 329 223 |
III тоқсан | 9 557 543 | 9 106 057 | 6 916 121 | 2 189 936 | 451 486 | 4,7 | 3,3 | 4 339 339 |
1)2021-2022 жылдардығы деректер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 29 жасқа толмаған тұлғаларды қосады(28+). 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.
Жұмыс күші – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық.
Жұмыспен қамтылған адам – ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.
Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:
1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;
5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;
6) тәуелсіз жұмыскерлер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.
Жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.
15-34 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі – 15-34 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – бір жыл және одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша іріктемелі зерттеуі жүргізіліп келеді. Зерттеумен қорытындыларын халықтың барлық санына таратумен байқаудың іріктеме әдісінің негізінде республиканың барлық өңірлері қамтылады. 15 және одан жоғары жастағы адамдар байқау бірліктері болып табылады.
Ұсынылған көрсеткіштер кеңейтілген желі бойынша үй шаруашылығын (үй шаруашылықтарының жалпы санының 4,3%-ы) іріктемелі зерттеуі қорытындысы негізінде қалыптастырылады, іріктеме жылына бір рет қалыптастырылады. Үй шаруашылықтарының тізімі Қазақстан Республикасы Тұрғын үй қоры тіркелімі негізінде қалыптастырылған. Іріктемені қалыптастыру әдіснамасы Қазақстанның Ұлттық статистикалық жүйесін нйғайту бойынша ҚАЗСТАТ Жобасы шеңберінде Германияның Дестатис статистикалық офисінің сарапшыларымен бірлесе әзірленді.
Халық пікіртерімі үй шаруашылығында әрбір мүшені сипаттайтын сұрақтан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалдамасының көмегімен жүргізіледі. Сауалдама негізінде халық жұмыс күші немесе жұмыссыз және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар бойынша жіктелетін сұрақтардың логикалық жүйелілік қағидатымен құрылады.
Ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне сәйкес, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік тәсілдеріне негізделген.