Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    65,1%
    2023 жылдың IV тоқсанында жұмыспен қамту деңгейі 15 жастан үлкен жастағы халық санына шаққанда 65,1%, жұмыс күшінің санына шаққанда – 95,3% құрады. Жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) 4,7% құрады. Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) 445,9 мың адамды құрады. Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқытумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,1%-ды құрады.
    46,5 мың
    2023 жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) деректері бойынша халықты жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп жүрген адам ретінде 46,5 мың адам жүгінген. Жұмыспен қамту бойынша барлығы 67,5 мың іс-шаралар көрсетілді, 1,5 мың адам кәсіптік оқытуға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді, 0,7 мың адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.
    Жұмыспен қамту деңгейі
    пайызбен
    2023 жылғы IV тоқсан
    Еңбек нарығындағы жағдай

    Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2023 жылдың IV тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 6,9 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,4%) жалдамалы жұмыспен, 2,1 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,6%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.

    2022 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 76,7 мың адамға, негізінен жалдамалы жұмыскерлердің (75,4 мың адам) есебінен өсті, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны (1,3 мың адам) өсті.

    Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (13,2%), өнеркәсіп (12,3%) және ауыл шаруашылығы (11,5%) салаларында байқалды.

    Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылғанның аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 39 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 41 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 35 сағатты құрады.

    Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адамдар саны (әлеуетті жұмыс күші) 29,3 мың адамды құрады.

    Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 31,7%-ын құрады.

    Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    2023 жылғы IV тоқсан
    Электрондық кестелер
    Еңбек нарығы көрсеткіштерінің динамикасы

    2022 жылғы IV тоқсанымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі (ХЕҰ әдіснамасы бойынша) 0,1% төмендеді және 4,7% құрады.

    ҚР ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы желтоқсан айының соңына 127,8 мың адам жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі 2022 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 0,4 п.т. өсті және жұмыс күшінің санынан 1.8% құрады.

    15 пен 34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,4%-ды құрады.

    Жұмыссыздық деңгейі
    пайызбен
    2023 жылғы IV тоқсан
    Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері
    Жұмыс күші, адам Жұмыспен қамтылған халық, адам Соның ішінде Жұмыссыз халық, адам Жұмыссыздық деңгейі , % Жастар (
    15-34 жаста) жұмыссыздығы деңгейі*, %
    Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар, адам
    жалдамалы қызметкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер
    2021
    I тоқсан 9 232 393 8 781 122 6 702 718 2 078 404 451 271 4,9 3,7 4 108 763
    II тоқсан 9 256 383 8 805 024 6 700 319 2 104 705 451 359 4,9 3,7 4 072 404
    III тоқсан 9 263 614 8 812 861 6 684 896 2 127 965 450 753 4,9 3,7 4 063 470
    IV тоқсан 9 262 301 8 811 894 6 717 036 2 094 858 450 407 4,9 3,7 4 058 508
    2022
    I тоқсан 9 419 497 8 959 601 6 860 875 2 098 726 459 896 4,9 4,0 4 267 930
    II тоқсан 9 431 321 8 971 044 6 841 372 2 129 390 460 277 4,9 3,9 4 257 752
    III тоқсан 9 430 788 8 971 603 6 837 764 2 133 839 459 185 4,9 3,9 4 260 470
    IV тоқсан 9 421 585 8 965 536 6 830 886 2 134 650 456 049 4,8 3,8 4 268 903
    2023
    I тоқсан 9 485 343 9 031 890 6 900 406 2 131 484 453 453 4,8 4,1 4 410 747
    II тоқсан 9 567 725 9 115 082 6 945 820 2 169 262 452 643 4,7 3,6 4 329 223
    III тоқсан 9 557 543 9 106 057 6 916 121 2 189 936 451 486 4,7 3,3 4 339 339
    IV тоқсан 9 488 162 9 042 276 6 906 331 2 135 945 445 886 4,7 3,4 4 406 657

    *)2021-2022 жылдардығы деректер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 29 жасқа толмаған тұлғаларды қосады(28+). 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

    Глоссарий

    Жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық.

    Жұмыспен қамтылған адам ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

    Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:

    1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;

    2) дара кәсіпкерлер;

    3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

    4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;

    5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;

    6) тәуелсіз жұмыскерлер;

    7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.

    Жұмыссыз адам жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға.

    Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.

    15-34 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 15-34 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.

    Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі бір жыл және одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.

    Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша іріктемелі зерттеуі жүргізіліп келеді. Зерттеумен қорытындыларын халықтың барлық санына таратумен байқаудың іріктеме әдісінің негізінде республиканың барлық өңірлері қамтылады. 15 және одан жоғары жастағы адамдар байқау бірліктері болып табылады.

    Ұсынылған көрсеткіштер кеңейтілген желі бойынша үй шаруашылығын (үй шаруашылықтарының жалпы санының 4,3%-ы) іріктемелі зерттеуі қорытындысы негізінде қалыптастырылады, іріктеме жылына бір рет қалыптастырылады. Үй шаруашылықтарының тізімі Қазақстан Республикасы Тұрғын үй қоры тіркелімі негізінде қалыптастырылған. Іріктемені қалыптастыру әдіснамасы Қазақстанның Ұлттық статистикалық жүйесін нйғайту бойынша ҚАЗСТАТ Жобасы шеңберінде Германияның Дестатис статистикалық офисінің сарапшыларымен бірлесе әзірленді.

    Халық пікіртерімі үй шаруашылығында әрбір мүшені сипаттайтын сұрақтан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалдамасының көмегімен жүргізіледі. Сауалдама негізінде халық жұмыс күші немесе жұмыссыз және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар бойынша жіктелетін сұрақтардың логикалық жүйелілік қағидатымен құрылады.

    Ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне сәйкес, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік тәсілдеріне негізделген.


    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н.Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    Г. Бекішева
    Тел. +7 7172 749504
    Электрондық пошта:gul.bekisheva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000 , Астана
    Мәңгілік ел даңғылы , 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші