Зерттеу қорытындысы бойынша 3378,6 мың адамның ішінде қызметкерлердің 2,2%-ы 100000 теңгеге дейін, 9,4%-ы 100001-ден 150000 теңгеге дейін, 29,9%-ы 150001-ден 300000 теңгеге дейін, 30,8%-ы 300001-ден 490000 теңгеге дейін, 27,7%-ы 490001 теңге және одан жоғары орташа айлық жалақы алды.
2026 жылы шетелдік меншік нысанындағы кәсіпорындар қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 748 529 теңгені құрады. Бұл мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындардағы жалақыдан (365 476 теңге) шамамен 2 есе, ал жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардағы жалақыдан (513 076 теңге) 1,5 есе жоғары.
2026 жылы бір қызметкердің сағаттық жалақысы орта есеппен 2508 теңгені құрады және 2025 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға өсті. Ерлердің сағаттық жалақысы 2 859 теңгені, ал әйелдердікі 2 180 теңгені құрады. 2025 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш ерлерде 8,4%-ға, әйелдерде 6,5%-ға өсті.
Жас топтары бойынша қызметкерлердің жалақысын салыстыру ең төмен жалақыны 16-дан 24 жасқа дейінгі қызметкерлер – 310256 теңге, ал ең жоғары жалақыны 35-тен 44 жасқа дейінгі (489629 теңге) және 45-тен 54 жасқа дейінгі (467544 теңге) қызметкерлер алғанын көрсетеді.
Жалақының ең жоғары өсімі 16-дан 24 жасқа дейінгі қызметкерлер арасында – 10,9%, ең төмен өсімі 65 жастағы және одан жоғары жастағы қызметкерлер арасында – 1,3% тіркелді.
Білім деңгейі бойынша жалдамалы қызметкерлердің жалақысы: орта білімі бар қызметкерлерде – 311169 теңгені, жоғары білімі бар қызметкерлерде – 523210 теңгені, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлерде – 802944 теңгені құрады.
2025 жылмен салыстырғанда жалақының ең жоғары өсімі жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлер арасында – 19,4%, ең төмен өсімі жоғары білімі бар қызметкерлер арасында – 5,2% тіркелді.
Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысының орташа деңгейін, оның өзгеру заңдылықтары мен үрдістерін, құрылымдық сипаттамаларын, өңірлік, гендерлік айырмашылықтарын және еңбекақы деңгейіне, оның саралануы мен динамикасына әсер ететін басқа да ерекшеліктерін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жалақы – қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына байланысты еңбегі үшін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобы бөлінеді:
1) тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық айлықақылар бойынша есептелген жалақы;
2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
4) жұмыс істелмеген уақытқа ақы төлеу.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Жалақы деңгейі туралы деректердің статистикалық қатарлары атаулы көрсеткіштерде, яғни ұлттық валютадағы абсолютті сандармен немесе индекстер түрінде қалыптастырылады.
Медианалық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында орналасқан және оны жалақысы медианалық мәннен төмен және жоғары болатын екі тең бөлікке бөлетін жалақы мөлшері.
Модальдік жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарында ең жиі кездесетін жалақы мөлшері.
Деректер көзі – жылына бір рет 2-Т (еңбекақы) «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша жүргізілетін ұйымдарды біржолғы зерттеу. Зерттеуге сәуір айын толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер жатады.
Кәсіптер мен лауазымдар бойынша жалақыны, жалақы мөлшері бойынша қызметкерлердің бөлінуін мемлекеттік статистикалық байқау іріктемелі болып табылады: ірі кәсіпорындар жаппай әдіспен, ал орта және шағын кәсіпорындар іріктемелі әдіспен қамтылады.