2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | |
---|---|---|---|---|---|
Қазақстан Республикасы | 2446,7 | 2483,1 | 2441,0 | 2407,5 | 2314,7 |
Абай | - | - | 40,7 | 40,9 | 39,0 |
Ақмола | 84,5 | 76,7 | 77,2 | 77,3 | 69,5 |
Ақтөбе | 158,1 | 136,6 | 135,1 | 137,4 | 136,5 |
Алматы | 50,2 | 48,1 | 26,3 | 30,3 | 28,8 |
Атырау | 172,3 | 164,5 | 153,9 | 160,3 | 132,1 |
Батыс Қазақстан | 48,2 | 41,2 | 30,8 | 26,0 | 25,8 |
Жамбыл | 52,1 | 55,8 | 55,0 | 55,8 | 52,9 |
Жетісу | - | - | 19,9 | 17,7 | 13,1 |
Қарағанды | 587,5 | 641,3 | 519,0 | 488,0 | 469,0 |
Қостанай | 124,0 | 130,5 | 123,4 | 137,9 | 121,4 |
Қызылорда | 26,0 | 24,4 | 28,3 | 29,2 | 23,4 |
Маңғыстау | 65,5 | 64,5 | 72,5 | 75,2 | 78,7 |
Павлодар | 709,3 | 721,5 | 723,0 | 736,1 | 724,2 |
Солтүстік Қазақстан | 75,5 | 74,7 | 76,0 | 61,2 | 52,7 |
Түркістан | 30,0 | 33,5 | 28,1 | 29,0 | 25,2 |
Ұлытау | - | - | 108,7 | 81,7 | 105,1 |
Шығыс Қазақстан | 130,7 | 128,8 | 86,5 | 87,2 | 83,3 |
Астана қаласы | 56,4 | 65,1 | 62,4 | 62,2 | 57,7 |
Алматы қаласы | 43,0 | 46,1 | 44,5 | 40,8 | 41,4 |
Шымкент қаласы | 33,4 | 29,8 | 29,6 | 33,2 | 34,9 |
2022 жылы республиканың ауа бассейніне қорғасын және оның қосындылары – 213,4 тонна, марганец және оның қосындылары – 73,9 тонна, мыс оксиді – 103,1 тонна, күкірт қышқылы – 382,2 тонна, хлор 53,8 тонна, сынап – 264 килограмм сияқты ерекше ластағыш заттар түсті. Осы заттардың нақты шығарындылары белгіленген шекті жол берілген шығарындылардың көлемінен (ЖШШ) асқан жоқ.
Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары – шығарындылардың тұрақты (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) көздерінен (халықтың денсаулығы немесе қызметіне, қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер ететін) ластайтын заттардың атмосфераға түсуі.
Ұйымдастырылған тұрақты көздерге зиянды заттар газ қалдықтары және ауа айдаушы жүйелер арқылы шығарылатын жылжымайтын көздер (мұржалар, аэрациялық фонарлар, вентиляциялық шахталар және т.б.) жатады.
Стационарлық көздерден атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларының көрсеткішін қалыптастыру үшін атмосфералық ауаны қорғау бойынша жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.
Өнім өндірудің технологиялық процестерінде шикізат немесе жартылай фабрикат ретінде пайдаланылатын газдармен бөлінетін заттардың саны туралы деректер атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларының жалпы көлеміне кірмейді. Атап айтқанда, техникалық көміртегі зауыттарында күйені өндіруде реакторлардан бөлінетін газдарды тазарту, фосфор зауыттарында сары фосфор өндіру кезінде кен-термиялық пештерден бөлінетін газдарды тазарту, химия зауыттарда күкірт қышқылын өндіру кезінде «қайнайтын қабат» пештерінен бөлінетін газдарды тазарту барысында пайда болатын және кәдеге жаратылатын заттар есепке алынбайды. Қара металлургия кәсіпорындарында технологиялық отын ретінде пайдаланылатын домналық газдың құрамында болатын көміртегі тотығы есепке алынбайды. «Қос адсорбция» және қос байланысу қондырғыларымен және жүйелерімен тұтылған, түсті және қара металлургия, химия, мұнай-химия және басқа салалар зауыттарынан бөлінетін газдардан өнім алу үшін пайдаланылатын заттар есепке алынбайды. Толық тұтылмаған және технологиялық жабдықтың герметикалық болмауынан газдың жайылып кетуі нәтижесінде атмосфераға түсетін ластағыш заттар ғана есепке алуға жатады.