Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    105,3%
    2023 жылғы қаңтар-шілдеде 2022 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,3% құрады
    Республика бойынша ҚМИ индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен
    2023ж. қаңтар-шілде
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2023 жылғы қаңтар-шілдеде 2022 жылғы қаңтар-шілдегеқарағанданақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,2%),сауда (109,7%) және байланыс (108,5%) салалары болды.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (102,6%), өнеркәсіп (103,6%) және көлік және жинақтау (107,2%)салалары болды.

    2023 жылғы қаңтар-шілдеде 2022 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады.

    Теріс өсім Ақтөбе (94,7%) және Қарағанды (97%) және Ұлытау (98,2%) облыстарында ғана қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Жетісу облысы (121,2%), Алматы қаласы (116%) және Ақмола (113,4%), Абай (109,7%) және Солтүстік Қазақстан (108,4%)облыстары көрсетті.

    Өңірлер бойынша ҚМИ индексі
    өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен
    2023ж. қаңтар-шілде
    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нақыпбеков Ә.Е.
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    З. Жунусова
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail: z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші