2023 жылғы қаңтар-маусымда 2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,3%), сауда (110,4%) және байланыс (108,8%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (103,2%), өнеркәсіп (103,8%) және көлік және жинақтау (107,4%) салалары болды.
2023 жылғы қаңтар-маусымда 2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады.
Теріс өсім Ақтөбе (94,8%) және Қарағанды (96,5%) облыстарында ғана қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Жетісу облысы (121,5%), Алматы қаласы (120,4%) және Ақмола (113,5%), Абай (111,8%) және Солтүстік Қазақстан (110,9%) облыстары көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.