2026 жылғы қаңтар-ақпанда 2025 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі құрылыс (114,5%), көлік және қоймалау (110,7%) және байланыс (103,8%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі өнеркәсіп (96,9%), ауыл шаруашылығы (103,4%) және сауда (103,4%) салаларында қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-ақпанда 2025 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Солтүстік Қазақстан (126,4%), Түркістан (118,9%) және Алматы (117%) облыстарында байқалады. Теріс өсім қарқыны Атырау (76,1%), Батыс Қазақстан (86,6%), Шығыс Қазақстан (87,4%), Ақмола (91,5%) және Қостанай (97,9%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.