2022 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2023 жылғы қаңтар-сәуірде нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (115,4%), сауда (111,2%) және байланыс (109,7%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (103,5%), ауыл шаруашылығы (103,6%) және көлік және жинақтау (106,7%) салалары болды.
2022 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2023 жылғы қаңтар-сәуірде басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады.
Теріс өсім Қарағанды (94,6% ) облысында ғана қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқыны Алматы қаласында (122,4%) және Жетісу (117,1%), Абай (113,2%), Ақмола (112,4%), және Солтүстік Қазақстан (111,4%) облыстарында байқалды.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.