Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    102 891 845,6 млн.
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (алдын ала деректер бойынша) 102 891 845,6 млн.теңгені құрады.
    3,3%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3,3%-ға өсті.
    223 444,8 млн.
    ҚР ҰБ орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 223 444,8 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ЖҚҚ ең көп номиналды өсімі Білім беру (30,6%), Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (27,9%), Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (25,9%), Ауыл, орман және балық шаруашылығы (25,9%) және Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет (25,5%) салаларында байқалады.

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
    2022 жылғы қаңтар-желтоқсан млн.теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 102 891 845,6 103,3 118,6 100,0
    Тауарлар өндіру 41 215 297,2 103,2 118,0 39,9
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 5 316 708,0 109,1 115,4 5,1
    Өнеркәсіп 30 427 875,0 101,1 121,2 29,5
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 14 968 272,4 99,0 127,2 14,6
    Өңдеу өнеркәсібі 13 804 127,9 103,4 116,9 13,3
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1 424 474,2 99,5 109,3 1,4
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 231 000,5 98,2 107,0 0,2
    Құрылыс 5 470 714,2 109,4 104,9 5,3
    Қызметтер өндіру 54 278 545,7 102,9 116,6 52,9
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 17 040 589,2 105,0 115,0 16,6
    Көлік жәнежинақтау 6 334 794,1 104,4 106,1 6,1
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 892 989,3 102,7 107,0 0,9
    Ақпарат және байланыс 2 239 665,3 112,2 102,3 2,2
    Қаржы және сақтандыру қызметі 3 037 383,9 103,0 120,9 3,0
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 6 635 033,3 101,4 119,2 6,5
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 3 408 364,5 92,1 119,1 3,2
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 2 186 604,2 102,3 122,7 2,2
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 1 961 063,2 103,1 124,1 1,9
    Білім беру 4 240 685,3 103,1 126,7 4,1
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 2 995 478,0 103,0 118,2 2,9
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 894 067,3 103,4 118,3 0,9
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 2 349 236,8 94,5 132,3 2,3
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 62 591,3 101,3 114,9 0,1
    Жалпы қосылған құн 95 493 842,9 103,0 117,2 92,8
    Өнімдерге салынатын таза салықтар 7 398 002,7 107,9 141,2 7,2
    Өнімдерге салынатын салықтар 7 779 408,5 107,9 139,7 7,6
    Өнімдерге салынатын субсидияар 381 405,8 108,1 115,4 0,4

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 39,9% және 52,9% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 29,5% алып отыр.

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ құрылымы
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3,3%-ға өсті. Ақпарат және байланыс (12,2%), Құрылыс (9,4%), Ауыл, орман және балық шаруашылығы (9,1%), Көтерме және бөлшек саудада сату (5,0%), Көлік және жинақтау (4,4%), Өңдеу өнеркәсібі (3,4%) салалары ең көп өсімді көрсетті. Өнімдерге салынған таза салық өсімі 7,9% құрады.

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсан ЖІӨ-ге негізгі салалардың қосқан үлесі, п.т.
    2022ж. қаңтар-желтоқсан

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға, сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі - 2,5%).

    2021 жылғы 2 тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жалпы ішкі өнімнің НҚИ динамикасы
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2022 жылы (алдын ала деректер бойынша) жан басына шаққандағы ЖІӨ 11 380,5 АҚШ долларын құрады.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасы
    2022ж. қаңтар-желтоқсан
    Динамикалық кестелер:
    Бақыланбайтын экономика

    2021 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ деңгейі 0,48%-ға қысқарды және ЖІӨ-ден 19,75% құрады, оның ішінде ЖІӨ-ден заңсыз қызмет үлесі - 1,35%.

    Бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі ең көп үлесін Көлік және жинақтау (2,92%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (2,77%) және Ауыл, орман және балық шаруашылығы (2,54%), ең аз үлесін Қаржы және сақтандыру қызметі (0,08%), Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (0,08%) және Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (0,08%) салалары алады.

    Бақыланбайтын экономика динамикасы
    2017 2018 2019 2020 2021
    Тауарлар өндіру 7,64 6,90 5,65 5,19 6,26
    Қызметтер өндіру 21,11 20,12 18,04 15,04 13,49
    Барлығы 28,75 27,02 23,69 20,23 19,75
    Динамикалық кестелер
    Еңбек өнімділігі

    2021 жылы жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 8 423,4 мың теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 0,7% өсуін көрсетті.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә. Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 95 27
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, С.О. Кішкенінова,
    Ғ.О. Төребеков
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    s.kishkeninova@aspire.gov.kz
    g.torebekov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші