Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    103,9%
    2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМИ) 103,9% құрады.
    Өңірлер бөлінісіндегі және салалар бойынша ҚМИ

    2024 жылғы қаңтар-cәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,2%), байланыс (108,7%) және көлік және жинақтау (107,8%) салалары болды.

    Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (101,7%), сауда (102,3%) және өнеркәсіп (103,2%) салалары болды.

    2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Атырау (96,9%), Маңғыстау (98,8%) және Жамбыл (99,4%) облыстарында қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Ақтөбе облысы (113,5 %), Астана қаласы (110,9%) және Жетісу (110,3%) облысы көрсетті.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

    Қатысты басылымдарға сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Нақыпбеков Ә.Е.
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Д. Күмісбек
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail: d.kumisbek@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші