2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,7%), байланыс (109,8%) және көлік және жинақтау (109,5%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (101,3%), сауда (104,2%) жәнен өнеркәсіп (104,6%) салалары болды.
2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Маңғыстау облысында (98,6%), Атырау облысында (100,2%) және Алматы қаласында (101,7%) қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Шығыс Қазақстан облысы (114,9%), Ақтөбе облысы (112,6%) және Астана қаласы (112,6%) көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.