2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы қаңтарға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс(112,8%),көлік және жинақтау (111,4%) және байланыс(110,6%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (100,4%), өнеркәсіп (103,4%) және сауда (103,5%)салалары болды.
2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы қаңтарға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Маңғыстау облысында (96,2%) ,Атырау облысында (98,7%) және Алматы қаласында (99,8%) қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Шығыс Қазақстан (119,8%), Ақтөбе (115,5%) және Ақмола (109,9%) облыстары көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.