2023 жылғы қаңтар-қарашада 2022 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,6%), сауда (111,3%) және байланыс (107,6%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (91,6%), өнеркәсіп (104,3%) және көлік және жинақтау (107,1%) салалары болды.
2023 жылғы қаңтар-қарашада 2022 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Солтүстік Қазақстан (96,7%), Ұлытау (98,1%) және Ақмола (98,4%) облыстарында қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Жетісу облысы (113,9%), Алматы қаласы (113,0%) және Атырау (111,3%) көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.