Өңірлік бөліністе 2025 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының өсуі Астана (32,1%), Алматы (28,8%), Шымкент (0,6%), қалаларында және Атырау (36%), Павлодар (32,8%), Маңғыстау (27,2%), Қостанай (19,8%), Алматы облысында (18%), Батыс Қазақстан (16,9%), Абай облысы (14,6%), Қарағанды (12,4%), Жетісу облысы (11,1%), Қызылорда (7%), Түркістан (6,8%), Ақтөбе (6,4%) және Ақмола (4,8%) облыстарында байқалады.
Жолаушылар айналымы ең көп дәрежеде: Алматы (26,3%), Шымкент (11,1%), Астана (2,1%) қалаларында және Алматы облысында (2,3 есе), Маңғыстау (60%), Атырау (58%), Абай облысы (21,7%), Қызылорда (18,6%), Батыс Қазақстан (15,7%), Қарағанды (14,3%), Ақтөбе (11,2%), Павлодар (9,1%), Шығыс Қазақстан (7,9%), және Түркістан (1,1%) облыстарында ұлғайды.
| Жүк айналымы | Жолаушылар айналымы | |
| Қазақстан Республикасы | 115,4 | 117,2 |
| Абай | 114,6 | 121,7 |
| Ақмола | 104,8 | 59,3 |
| Ақтөбе | 106,4 | 111,2 |
| Алматы | 118,0 | 234,7 |
| Атырау | 136,0 | 158,0 |
| Батыс Қазақстан | 116,9 | 115,7 |
| Жамбыл | 98,0 | 92,3 |
| Жетісу | 111,1 | 87,3 |
| Қарағанды | 112,4 | 114,3 |
| Қостанай | 119,8 | 75,3 |
| Қызылорда | 107,0 | 118,6 |
| Маңғыстау | 127,2 | 160,0 |
| Павлодар | 132,8 | 109,1 |
| Солтүстік Қазақстан | 98,7 | 73,7 |
| Түркістан | 106,8 | 101,1 |
| Ұлытау | 96,1 | 86,3 |
| Шығыс Қазақстан | 94,6 | 107,9 |
| Астана қаласы | 132,1 | 102,1 |
| Алматы қаласы | 128,8 | 126,3 |
| Шымкент қаласы | 100,6 | 111,1 |
2025 жылғы қаңтар-ақпанда республика темір жол көлігімен 73,2 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 18,9%-ға ұлғайды, осы кезеңде жүк айналымы 54,6 млрд. т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 11,8%-ға өсті), 3,2 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 6,7%-ға кем), жолаушылар айналымы 2,4 млрд. п-км құрады (2024 жылғы қаңтар-ақпанмен қарағанда 3,2%-ға кеміді).
2025 жылғы қаңтар-ақпан өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автомобиль көлігімен жүктасымалдау 18,2%-ға өсті және жүк айналымы 68,8%-ға ұлғайғаны байқалады. Бұл ретте жолаушыларды тасымалдау және жолаушылар айналымы тиісінше 13,4% және 33,3%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-ақпан 56,1 млн. тонна жүк тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 18,7%-ға артық), жүк айналымы 27,7 млрд.т-км құрады (2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 13,1%-ға өсті).
2025 жылғы қаңтар-ақпан республиканың әуе көлігімен 2,2 млн. жолаушы тасымалданды (2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,6%-ға өсті), жолаушылар айналымы 4,5 млрд. п-км құрады (2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 9,3%-ға ұлғайды).
2025 жылғы қаңтар-ақпан теңіз көлігімен 695,0 мың. тонна жүк тасымалданды, 2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 67,9% ұлғайғаны байқалады, жүк айналымы 305,4 млн. т-км құрады және 2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 19,1% өсті.
Тасымалданған жүктер – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүктер саны.
Көліктің жүк айналымы – жүктерді тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады. Тасымалданатын жүктің әрбір партиясының (жөнелтудің) салмағын оны тасымалдау арақашықтығына көбейтудің жиынтықталуы арқылы анықталады.
Жолаушылар тасымалдау – белгілі бір уақыт кезеңінде тасымалданған жолаушылар саны. Көлік, қатынас түрлері бойынша ескеріледі. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушы-сапары болып саналады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмыс көлемі. Өлшем бірлігі-жолаушы-километр, яғни 1 жолаушынының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыру болып табылады. Әр тасымалдаудың жолаушылар санының туындыларын километрмен тасымалдау қашықтығына қосу арқылы анықталады.
Нақты көлем индексі – есепті кезеңдегі жүк және жолаушылар тасымалының сандық көлемдерінің базиспен салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістердің орташа өлшенген өсу қарқыны негізінде есептеледі.
Шығарылымда 1-көлік айлық нысаны бойынша есеп берген, негізгі қызмет түрі – көлік (ЭҚЖС-ның коды – 49-51) болып табылатын кәсіпорындардың жұмысы, жолаушыларды және жүктерді коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асыратын экономиканың басқа да салаларындағы кәсіпорындар көрсетілген, сондай-ақ коммерциялық негізде автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, тоқсандық нысандар бойынша есеп берген дара кәсіпкерлер: 1-ЖК (автожүк), 1-ЖК (автожолаушылар).