Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    13,1%
    2026 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1% өсіп, 8959,2 млрд. теңгені құрады.
    89,5%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 89,5%, шетелдік – 9,8%, мемлекеттік – 0,7% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2026 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда өсуі имараттарды салу және жөндеу жұмыстарына (15,8%) байланысты.

    2026 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (25,4%), тұрғын емес ғимараттар (21,5%) және тұрғын үйлердің (12,6%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау (2,3 есе), Қызылорда (30,5%), Атырау (25,7%) және Павлодар (23,8%) облыстарында, Алматы қаласында (23,1%), Түркістан (20,6%), Шығыс Қазақстан (15,5%), Батыс Қазақстан (15,4%), Ақтөбе (14,2%) және Абай (13,1%) облыстарында және Астана қаласында (11,8%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
      Барлығы, мың теңге   2026 жылғы қазан, пайызбен 2026 жылғы қаңтар- қазан 2025 жылғы қаңтар-қазанға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2026 жылғы қыркүйекке 2025 жылғы қазанға
    Қазақстан Республикасы 8 959 244 780 66,4 124,2 113,1 100,0
    Абай 283 878 594 96,0 121,3 113,1 3,2
    Ақмола 310 230 169 56,6 101,7 100,5 3,5
    Ақтөбе 403 758 220 44,4 129,6 114,2 4,5
    Алматы 409 385 371 44,5 107,0 110,5 4,6
    Атырау 635 035 604 77,2 162,3 125,7 7,1
    Батыс Қазақстан 325 369 821 130,7 175,5 115,4 3,6
    Жамбыл 312 577 576 52,0 149,7 106,8 3,5
    Жетісу 223 515 783 69,4 103,4 75,0 2,5
    Қарағанды 487 842 496 103,2 98,9 86,1 5,5
    Қостанай 340 074 674 82,1 115,8 106,5 3,8
    Қызылорда 326 201 878 54,7 123,1 130,5 3,6
    Маңғыстау 311 980 306 95,4 104,9 106,3 3,5
    Павлодар 492 450 058 47,9 175,3 123,8 5,5
    Солтүстік Қазақстан 217 384 226 44,3 126,7 100,9 2,4
    Түркістан 586 047 196 61,0 157,5 120,6 6,5
    Ұлытау 289 450 679 40,7 129,5 227,3 3,2
    Шығыс Қазақстан 403 893 416 112,7 116,9 115,5 4,5
    Астана қаласы 1 345 989 740 56,5 117,2 111,8 15,0
    Алматы қаласы 972 868 756 87,5 163,1 123,1 10,9
    Шымкент қаласы 281 310 217 59,4 54,6 108,9 3,1
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    2026 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 18316,3 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,1% көбейіп, 14919,8 мың шаршы метрді құрады, олардан 9643,3 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 5212,3 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 14178,1 мың шаршы метрді немесе 95%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 5648,1 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен 2025 жылғы қаңтар- қазанға пайызбен мемлекеттікменшік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен 2025 жылғы қаңтар-қазанға пайызбен
    Қазақстан Республикасы 14 919 759    102,1 570 923 14 178 077 5 648 147    102,6 170 759
    Абай 184 645    106,0 - 184 645 96 852    111,8 -
    Ақмола 411 212    87,8 21 947 389 265 249 956    109,2 -
    Ақтөбе 760 807    102,2 - 760 807 529 809    114,8 -
    Алматы 1 107 516    116,9 27 132 996 305 654 512    100,1 84 079
    Атырау 450 738    80,7 - 450 738 299 357    80,4 -
    Батыс Қазақстан 488 979    100,9 49 152 439 827 307 774    112,9 -
    Жамбыл 588 833    100,4 27 138 561 695 481 600    98,9 -
    Жетісу 300 493    109,6 36 522 263 971 213 624    142,2 -
    Қарағанды 318 892    64,6 11 867 307 025 70 627    95,5 -
    Қостанай 449 343    103,2 99 122 350 117 79 734    95,2 x
    Қызылорда 804 125    104,9 - 804 125 746 196    111,2 -
    Маңғыстау 507 383    113,9 - 498 623 215 469    94,4 8 760
    Павлодар 311 032    101,7 50 024 258 361 109 369    68,1 x
    Солтүстік Қазақстан 194 491    100,1 - 194 390 111 822    102,3 x
    Түркістан 988 512    106,2 - 988 512 779 350    116,1 -
    Ұлытау 72 786    101,5 12 276 60 510 50 297    119,8 -
    Шығыс Қазақстан 244 944    101,9 25 869 219 075 79 290    90,8 -
    Астана қаласы 3 418 599    101,6 68 709 3 339 169 65 005    119,2 10 721
    Алматы қаласы 2 272 140    106,2 60 887 2 152 845 267 153    89,5 58 408
    Шымкент қаласы 1 044 289    106,3 80 278 958 072 240 351    76,6 5 939

    2026 жылғы қаңтар-қазанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 22610 оқушы орнына арналған 44 жалпы білім беретін мектеп, 5437 орынға арналған 37 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 328 келіп-кетушіге арналған 9 амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орын қосымша пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Әдістемелік түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Әдістемелік түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А. Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O. Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс