2026 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда өсуі имараттарды салу және жөндеу жұмыстарына (19,5%) байланысты.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, темір жолдары мен метролар (24,7%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,4%) және тұрғын үйлердің (13,4%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау облысы (3 есе), Қызылорда (34,9%), Павлодар (32%), Атырау (27,9%), Түркістан (25,7%), Шығыс Қазақстан (24,5%), Абай (23,1%), Қостанай (22,3%), Батыс Қазақстан (17,3%) және Жамбыл облыстарында (14,7%), Алматы қаласында (23,3%) байқалады.
| Барлығы, мың теңге | 2026 жылғы шілде, пайызбен | 2026 жылғы қаңтар-шілде 2025 жылғы қаңтар шілдеге, пайызбен | Республикалық көлемге пайызбен | ||
| 2026 жылғы маусымға | 2025 жылғы шілдеге | ||||
| Қазақстан Республикасы | 5 061 072 753 | 59,8 | 114,9 | 115,3 | 100,0 |
| Абай | 154 068 158 | 43,5 | 96,8 | 123,1 | 3,0 |
| Ақмола | 169 411 909 | 70,0 | 124,5 | 111,7 | 3,3 |
| Ақтөбе | 197 746 691 | 50,9 | 85,7 | 105,3 | 3,9 |
| Алматы | 212 225 389 | 59,3 | 122,5 | 112,3 | 4,2 |
| Атырау | 387 582 551 | 52,6 | 181,3 | 127,9 | 7,7 |
| Батыс Қазақстан | 178 767 345 | 70,3 | 117,8 | 117,3 | 3,5 |
| Жамбыл | 198 061 763 | 48,1 | 121,4 | 114,7 | 3,9 |
| Жетісу | 125 757 739 | 66,9 | 98,0 | 79,0 | 2,5 |
| Қарағанды | 273 867 837 | 102,5 | 72,4 | 80,2 | 5,4 |
| Қостанай | 200 282 514 | 35,3 | 104,0 | 122,3 | 4,0 |
| Қызылорда | 196 714 464 | 64,5 | 150,8 | 134,9 | 3,9 |
| Маңғыстау | 213 010 543 | 57,2 | 117,8 | 112,7 | 4,2 |
| Павлодар | 234 897 837 | 43,5 | 144,7 | 132,0 | 4,6 |
| Солтүстік Қазақстан | 99 274 333 | 57,8 | 108,6 | 100,7 | 2,0 |
| Түркістан | 361 857 245 | 32,1 | 126,6 | 125,7 | 7,2 |
| Ұлытау | 179 233 378 | 26,2 | 166,9 | 300,2 | 3,5 |
| Шығыс Қазақстан | 248 200 372 | 97,2 | 130,5 | 124,5 | 4,9 |
| Астана қаласы | 708 174 181 | 88,8 | 103,2 | 103,4 | 14,0 |
| Алматы қаласы | 560 590 545 | 75,7 | 126,1 | 123,3 | 11,1 |
| Шымкент қаласы | 161 347 959 | 62,6 | 110,2 | 112,5 | 3,2 |
2026 жылғы қаңтар-шілдеде пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 12339 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,9% көбейді, 9746 мың шаршы метрді құрады, олардан 6546,4 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 3157,9 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 9289,5 мың шаршы метрді немесе 95,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 3321,3 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
| Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Соның ішінде салушылармен | ||||||
| жалпы алаңы шаршы метрмен | 2025 жылғы қаңтар-шілдеге пайызбен | мемлекеттікменшік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
| халықпен | 2025 жылғы қаңтар-шілдеге пайызбен | ||||||
| Қазақстан Республикасы | 9 746 022 | 103,9 | 313 035 | 9 289 458 | 3 321 339 | 97,6 | 143 529 |
| Абай | 138 489 | 107,2 | - | 138 489 | 54 456 | 116,5 | - |
| Ақмола | 309 678 | 99,6 | 21 947 | 287 731 | 149 384 | 101,7 | - |
| Ақтөбе | 466 543 | 107,0 | - | 466 543 | 271 736 | 106,4 | - |
| Алматы | 909 794 | 120,9 | 20 202 | 805 513 | 516 774 | 101,5 | 84 079 |
| Атырау | 311 277 | 102,6 | - | 311 277 | 175 986 | 73,6 | - |
| Батыс Қазақстан | 265 760 | 102,5 | 10 253 | 255 507 | 159 744 | 112,6 | - |
| Жамбыл | 372 668 | 101,7 | 20 374 | 352 294 | 275 994 | 98,3 | - |
| Жетісу | 172 264 | 117,6 | 21 759 | 150 505 | 125 616 | 174,0 | - |
| Қарағанды | 193 597 | 69,1 | 6 193 | 187 404 | 35 597 | 98,9 | - |
| Қостанай | 309 763 | 106,0 | 90 267 | 219 392 | 51 124 | 98,0 | x |
| Қызылорда | 442 849 | 102,0 | - | 442 849 | 400 851 | 106,9 | - |
| Маңғыстау | 310 236 | 110,2 | - | 301 476 | 136 078 | 103,7 | 8 760 |
| Павлодар | 179 791 | 102,2 | 18 728 | 158 416 | 61 827 | 54,2 | x |
| Солтүстік Қазақстан | 116 651 | 106,3 | - | 116 651 | 58 001 | 76,6 | - |
| Түркістан | 553 917 | 104,8 | - | 553 917 | 423 971 | 118,0 | - |
| Ұлытау | 40 405 | 73,9 | x | 32 182 | 21 969 | 75,3 | - |
| Шығыс Қазақстан | 156 548 | 103,5 | 22 419 | 134 129 | 48 937 | 102,3 | - |
| Астана қаласы | 2 200 973 | 100,5 | x | 2 178 469 | 41 176 | 134,0 | 10 721 |
| Алматы қаласы | 1 651 420 | 104,3 | 60 887 | 1 559 254 | 182 845 | 81,0 | 31 279 |
| Шымкент қаласы | 643 399 | 108,2 | - | 637 460 | 129 273 | 54,9 | 5 939 |
2026 жылғы қаңтар-шілдеде білім беру және денсаулық сақтау саласында 18090 оқу орнына арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, 4207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 198 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орын қосымша пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.