Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    10 847 млрд.
    2025 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 10847 млрд. теңгені құрады, бұл 2024 жылға қарағанда 17,5% есе көп.
    87,9%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен – 87,9%, шетелдік – 11,4% және мемлекеттік – 0,7% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы құрылыс жұмыстарының көлемінің ұлғаюы құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты (18,7%).

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша автомобиль, теміржол және метро (23,7%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлеміне 22,6%) және тұрғын ғимараттар (12,3%) құрылысы бойынша жұмыстар ең көп үлесті алады.

    Динамикалық кестелер:

    Өңірлік бөліністе 2025 жылы құрылыс жұмыстарының көлемінің ұлғаюы республиканың он тоғыз өңірінде байқалды. Алматы (51,4%), Астана (34,6%) қалаларында айтарлықтай өсім байқалды және Шымкент (20,7%), облыста Ұлытау (32,6%), Солтүстік Қазақстан (28,3%), Ақмола (24,6%), Қостанай (24,4%), Павлодар (24,4%), Қызылорда (21,8%), Алматы (18,7%), Ақтөбе (18%), Түркістан (17,9%), Жамбыл (16,2%) және Батыс Қазақстан облыстары (12,3%).

    Бұл ретте Атырау облысында төмендеу байқалды (22,8%).

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Орындалғаны, барлығы, мың теңге 2024 жылға пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 10 846 962 615 117,5 100,0
    Абай 366 922 708 110,0 3,4
    Ақмола 431 743 020 124,6 4,0
    Ақтөбе 471 121 244 118,0 4,3
    Алматы 527 738 963 118,7 4,8
    Атырау 683 470 872 77,2 6,3
    Батыс Қазақстан 383 686 225 112,3 3,5
    Жамбыл 399 119 200 116,2 3,7
    Жетісу 445 745 006 110,2 4,1
    Қарағанды 723 319 476 104,6 6,7
    Қостанай 418 101 759 124,4 3,8
    Қызылорда 365 922 503 121,8 3,4
    Маңғыстау 441 569 720 103,0 4,1
    Павлодар 495 725 217 124,4 4,6
    Солтүстік Қазақстан 292 323 391 128,3 2,7
    Түркістан 647 873 416 117,9 6,0
    Ұлытау 195 720 521 132,6 1,8
    Шығыс Қазақстан 461 099 655 109,8 4,2
    Астана қаласы 1 570 860 603 134,6 14,5
    Алматы қаласы 1 135 241 798 151,4 10,5
    Шымкент қаласы 389 657 318 120,7 3,6
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2025 жылы пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 28232,1 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2024 жылмен салыстырғанда 6,2% ұлғайып, 20314,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 13712,9 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6423,8 мың шаршы метр - жеке үйлер.

    Тұрғын үйдің едәуір бөлігін – 18410 мың шаршы метрді немесе 90,6%-ын жеке құрылыс салушылар, 7097,3 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпыалаңышаршы метрмен өткен жылға, пайызбен мемлекеттікменшік жеке шеменшік олардан шетелменшігі
    халықпен өткенжылға, пайызбен
    Қазақстан Республикасы 20 314 404 106,2 1 610 476 18 410 041 7 097 338 102,7 293 887
    Абай 337 555 105,8 79 045 255 973 115 316 104,8 2 537
    Ақмола 702 690 104,9 33 775 657 396 291 655 101,2 11 519
    Ақтөбе 1 021 121 105,9 101 759 919 362 591 763 111,0 -
    Алматы 1 080 843 111,4 41 835 928 841 684 429 117,9 110 167
    Атырау 768 694 101,3 53 058 713 896 434 979 92,1 1 740
    Батыс Қазақстан 642 392 100,8 54 837 581 721 339 538 98,3 5 834
    Жамбыл 787 101 103,7 67 462 719 639 632 500 105,8 -
    Жетісу 414 373 111,4 53 149 361 224 230 580 120,7 -
    Қарағанды 599 961 109,6 17 480 582 481 87 108 116,0 -
    Қостанай 517 393 103,9 74 140 436 989 103 771 76,0 6 264
    Қызылорда 939 279 108,4 35 118 904 161 838 755 112,2 -
    Маңғыстау 860 561 103,4 8 236 841 665 534 916 166,7 10 660
    Павлодар 578 503 102,4 63 069 472 467 218 670 130,8 42 967
    Солтүстік Қазақстан 337 992 102,5 70 479 266 759 176 624 111,3 754
    Түркістан 1 238 756 106,8 193 165 1 045 591 855 347 88,6 -
    Ұлытау 110 114 101,7 37 413 72 701 55 832 72,2 -
    Шығыс Қазақстан 407 502 101,4 100 914 288 073 117 155 88,0 18 515
    Астана қаласы 4 904 965 110,6 294 521 4 557 278 68 148 139,8 53 166
    Алматы қаласы 2 657 442 104,0 28 953 2 603 636 311 924 75,4 24 853
    Шымкент қаласы 1 407 167 102,5 202 068 1 200 188 408 328 74,4 4 911

    Тұрғын үйді пайдалануға берудің ұлғаюы Қазақстан Республикасының барлық облыстарында байқалды. Алматы облысында және Жетісу облысында (11,4%) айтарлықтай өсім байқалды (11,4%).

    2025 жылғы білім беру және денсаулық сақтау саласында 238884 оқушылар орнына арналған 250 жалпы білім беру мектептері, 9949 орынға арналған 64 мектепке дейінгі мекемелер және 1745 төсек-орынға арналған 5 аурухана, сонымен қатар ауысымына 7111 келушіге арналған 166 амбулаториялық емхана пайдалануға берілді.

    Толық ақпарат келесі электрондық кестелерде берілген:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И. Торгаутова
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс