Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    14,5%
    2026 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5% өсіп, 495,6 млрд. теңгені құрады.
    82%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 82%, шетелдік – 17%, мемлекеттік – 1% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2026 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (63,4%) және тұрғын ғимараттар (30,2%) мен құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты.

    2026 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (30,5%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 17,8%) және тұрғын үйлердің (11,1%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау (2,4 есе), Қызылорда (62,3%), Солтүстік Қазақстан (45%), Түркістан (33,2%), Абай (29,5%), Жетісу (24,2%), Қарағанды (22,8%) және Ақтөбе облыстарында (20%), Астана (23,5%) және Шымкент қалаларында (21,4%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
      Барлығы, мың теңге   2026 жылғы ақпанға, пайызбен   2026 жылғы қаңтар-ақпанға 2025 жылғы қаңтар-ақпанға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2026 жылғы қаңтарға 2025 жылғы ақпанға
    Қазақстан Республикасы 495 637 221 191,9 115,0 114,5 100,0
    Абай 9 811 473 506,0 141,0 129,5 2,0
    Ақмола 14 458 116 142,0 84,1 90,8 2,9
    Ақтөбе 21 178 395 154,1 118,3 120,0 4,3
    Алматы 19 898 900 105,1 124,5 113,1 4,0
    Атырау 39 077 840 97,5 102,9 102,2 7,9
    Батыс Қазақстан 19 641 396 193,3 99,6 105,1 4,0
    Жамбыл 14 774 818 99,9 99,9 102,0 3,0
    Жетісу 13 912 656 702,4 124,2 124,2 2,8
    Қарағанды 31 009 701 229,8 117,3 122,8 6,3
    Қостанай 17 950 594 236,7 53,8 62,3 3,6
    Қызылорда 17 709 528 187,6 216,5 162,3 3,6
    Маңғыстау 31 485 918 244,3 102,6 102,0 6,3
    Павлодар 15 908 975 268,6 117,4 113,1 3,2
    Солтүстік Қазақстан 6 688 664 233,1 150,6 145,0 1,3
    Түркістан 27 026 660 617,4 133,9 133,2 5,4
    Ұлытау 14 840 628 446,4 371,3 243,7 3,0
    Шығыс Қазақстан 25 417 050 197,5 124,2 115,9 5,1
    Астана қаласы 99 141 618 149,1 119,3 123,5 20,0
    Алматы қаласы 41 006 203 279,2 108,2 110,2 8,3
    Шымкент қаласы 14 698 088 123,9 135,1 121,4 3,0
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2026 жылғы қаңтар-ақпанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 2610,4 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 9,1% көбейді, 2108,6 мың шаршы метрді құрады, олардан 1363,8 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 738 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 2083,1 мың шаршы метрді немесе 98,8%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 764 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен 2025 жылғы қаңтар-ақпанға пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен 2025 жылғы қаңтар-ақпанға пайызбен
    Қазақстан Республикасы 2 108 585    109,1 16 580 2 083 141 764 004    101,7 8 864
    Абай 12 043    87,1 - 12 043 12 043    187,6 -
    Ақмола 41 331    86,4 - 41 331 35 208    83,6 -
    Ақтөбе 101 187    105,0 - 101 187 62 693    104,5 -
    Алматы 144 205    141,2 - 144 205 103 653    119,0 -
    Атырау 62 012    101,3 - 62 012 60 115    100,3 -
    Батыс Қазақстан 74 838    106,5 1 476 73 362 41 273    123,6 -
    Жамбыл 82 657    102,3 x 72 161 51 350    72,4 -
    Жетісу 32 144    112,7 4 608 27 536 27 536    128,4 -
    Қарағанды 26 043    68,1 - 26 043 11 132    166,6 -
    Қостанай 55 888    100,7 - 55 784 18 202    89,1 x
    Қызылорда 113 024    101,8 - 113 024 71 026    84,6 -
    Маңғыстау 58 635    110,6 - 49 875 30 669    122,1 8 760
    Павлодар 28 743    102,4 - 28 743 7 917    32,0 -
    Солтүстік Қазақстан 13 378    103,3 - 13 378 13 044    104,9 -
    Түркістан 100 439    118,4 - 100 439 100 439    147,7 -
    Ұлытау 5 742    138,0 - 5 742 5 742    763,6 -
    Шығыс Қазақстан 12 203    109,0 - 12 203 12 203    109,0 -
    Астана қаласы 602 161    127,2 - 602 161 18 367    172,1 -
    Алматы қаласы 427 143    94,3 - 427 143 43 072    55,9 -
    Шымкент қаласы 114 769    107,5 - 114 769 38 320    132,0 -

    2026 жылғы қаңтар-ақпанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 6400 оқу орнына арналған 15 жалпы білім беретін мектеп, 877 орынға арналған 7 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 25 келіп-кетушіге арналған 1 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс