2026 жылғы қаңтарда құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (2,2 есе) және имараттар (57,8%) мен құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты.
2026 жылғы қаңтарда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (30,1%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 19,2%) және тұрғын үйлердің (11,4%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қарағанды (39,4%), Түркістан (36,7%), Солтүстік Қазақстан (35,1%), Ақтөбе (23,4%), Жетісу (21,4%), Батыс Қазақстан (19,1%) және Қызылорда облыстарында (11,3%), Астана (30,8%) және Алматы қалаларында (18,3%) байқалады.
| Барлығы, мың теңге | 2026 жылғы қаңтар, пайызбен | Республикалық көлемге пайызбен | ||
| 2025 жылғы желтоқсанға | 2025 жылғы қаңтарға | |||
| Қазақстан Республикасы | 171 955 422 | 6,4 | 114,4 | 100,0 |
| Абай | 1 647 835 | 1,8 | 94,5 | 1,0 |
| Ақмола | 6 049 628 | 5,2 | 102,9 | 3,5 |
| Ақтөбе | 8 437 178 | 7,6 | 123,4 | 4,9 |
| Алматы | 9 774 843 | 6,4 | 103,2 | 5,7 |
| Атырау | 19 978 973 | 12,4 | 101,5 | 11,6 |
| Батыс Қазақстан | 6 790 392 | 7,3 | 119,1 | 4,0 |
| Жамбыл | 7 467 057 | 7,5 | 104,2 | 4,3 |
| Жетісу | 1 764 843 | 1,2 | 121,4 | 1,0 |
| Қарағанды | 9 535 123 | 7,0 | 139,4 | 5,6 |
| Қостанай | 5 407 437 | 6,0 | 101,7 | 3,2 |
| Қызылорда | 6 243 267 | 8,6 | 111,3 | 3,6 |
| Маңғыстау | 9 277 741 | 6,7 | 102,1 | 5,4 |
| Павлодар | 4 373 248 | 4,3 | 104,3 | 2,5 |
| Солтүстік Қазақстан | 2 036 590 | 2,8 | 135,1 | 1,2 |
| Түркістан | 3 839 991 | 2,4 | 136,7 | 2,2 |
| Ұлытау | 2 761 412 | 4,0 | 97,4 | 1,6 |
| Шығыс Қазақстан | 8 658 814 | 10,4 | 103,0 | 5,0 |
| Астана қаласы | 40 288 414 | 10,5 | 130,8 | 23,4 |
| Алматы қаласы | 10 983 640 | 3,9 | 118,3 | 6,4 |
| Шымкент қаласы | 6 638 996 | 5,0 | 108,0 | 3,9 |
Қазақстан Республикасында 2026 жылғы қаңтарда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 1291,8 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 42,4% көбейді, 1091 мың шаршы метрді құрады, олардан 727,6 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 359,8 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 1079,1 мың шаршы метрді немесе 98,9%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 377,9 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
| Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Соның ішінде салушылармен | ||||||
| жалпы алаңы шаршы метрмен | 2025 жылғы қаңтарға пайызбен | мемлекеттік меншік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
| халықпен | 2025 жылғы қаңтарға пайызбен | ||||||
| Қазақстан Республикасы | 1 091 032 | 142,4 | 11 972 | 1 079 060 | 377 866 | 102,8 | - |
| Абай | 3 755 | 41,5 | - | 3 755 | 3 755 | 230,1 | - |
| Ақмола | 18 443 | 118,5 | - | 18 443 | 18 443 | 119,4 | - |
| Ақтөбе | 38 075 | 119,1 | - | 38 075 | 11 341 | 35,5 | - |
| Алматы | 56 679 | 111,4 | - | 56 679 | 55 462 | 154,5 | - |
| Атырау | 33 872 | 123,0 | - | 33 872 | 33 872 | 129,0 | - |
| Батыс Қазақстан | 30 648 | 118,3 | 1 476 | 29 172 | 27 559 | 163,3 | - |
| Жамбыл | 45 283 | 109,3 | x | 34 787 | 17 693 | 56,2 | - |
| Жетісу | 13 130 | 148,6 | - | 13 130 | 13 130 | 148,6 | - |
| Қарағанды | 21 689 | 102,2 | - | 21 689 | 6 778 | 128,8 | - |
| Қостанай | 26 274 | 110,2 | - | 26 274 | 13 007 | 103,5 | - |
| Қызылорда | 83 601 | 110,8 | - | 83 601 | 41 603 | 85,8 | - |
| Маңғыстау | 16 676 | 136,9 | - | 16 676 | 16 676 | 136,9 | - |
| Павлодар | 5 580 | 81,2 | - | 5 580 | 3 479 | 97,6 | - |
| Солтүстік Қазақстан | 3 177 | 123,0 | - | 3 177 | 2 843 | 125,7 | - |
| Түркістан | 47 008 | 139,2 | - | 47 008 | 47 008 | 139,2 | - |
| Ұлытау | 296 | 8,3 | - | 296 | 296 | 182,7 | - |
| Шығыс Қазақстан | 4 690 | 101,4 | - | 4 690 | 4 690 | 101,4 | - |
| Астана қаласы | 340 214 | 357,0 | - | 340 214 | 11 351 | 241,0 | - |
| Алматы қаласы | 231 376 | 102,3 | - | 231 376 | 27 199 | 47,2 | - |
| Шымкент қаласы | 70 566 | 142,8 | - | 70 566 | 21 681 | 156,8 | - |
2026 жылғы қаңтарда білім беру және денсаулық сақтау саласында 1080 оқу орнына арналған 3 жалпы білім беретін мектеп және 332 орынға арналған 2 мектепке дейінгі ұйымдар.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.