2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылмен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (17,5%), тұрғын емес ғимараттар (16%) мен тұрғын ғимараттар (10,4%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (24,6%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 22,2%) және тұрғын үйлердің (12,4%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он тоғыз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Алматы (43,5%), Астана (32,7%) және Шымкент қалаларында (20,3%), Ұлытау (29,7%), Солтүстік Қазақстан (27%), Ақмола (24,4%), Павлодар (24,2%), Қостанай (23%) және Қызылорда облыстарында (21,8%) байқалады.
| Барлығы, мың теңге | 2025 жылғы желтоқсан, пайызбен | 2025 жылғы қаңтар- желтоқсан 2024 жылға, пайызбен | Республикалық көлемге пайызбен | ||
| 2025 жылғы қарашаға | 2024 жылғы желтоқсанға | ||||
| Қазақстан Республикасы | 10 704 777 932 | 291,8 | 119,8 | 115,9 | 100,0 |
| Абай | 354 193 384 | 197,9 | 119,8 | 106,2 | 3,3 |
| Ақмола | 430 998 161 | 314,8 | 147,2 | 124,4 | 4,0 |
| Ақтөбе | 469 109 924 | 293,3 | 116,0 | 117,5 | 4,4 |
| Алматы | 526 303 486 | 367,8 | 114,2 | 118,4 | 4,9 |
| Атырау | 674 678 210 | 290,7 | 85,8 | 76,3 | 6,3 |
| Батыс Қазақстан | 379 722 168 | 312,0 | 121,1 | 111,2 | 3,6 |
| Жамбыл | 392 824 764 | 355,5 | 99,4 | 114,4 | 3,7 |
| Жетісу | 443 945 196 | 566,5 | 114,5 | 109,7 | 4,1 |
| Қарағанды | 720 517 777 | 203,7 | 128,0 | 104,2 | 6,7 |
| Қостанай | 413 264 436 | 246,6 | 112,9 | 123,0 | 3,9 |
| Қызылорда | 365 828 473 | 113,8 | 100,3 | 121,8 | 3,4 |
| Маңғыстау | 440 736 876 | 364,0 | 93,4 | 102,8 | 4,1 |
| Павлодар | 494 757 158 | 229,0 | 136,3 | 124,2 | 4,6 |
| Солтүстік Қазақстан | 289 415 986 | 345,4 | 115,7 | 127,0 | 2,7 |
| Түркістан | 645 256 528 | 357,9 | 93,1 | 117,5 | 6,0 |
| Ұлытау | 191 492 473 | 667,3 | 191,1 | 129,7 | 1,8 |
| Шығыс Қазақстан | 458 828 096 | 147,8 | 99,9 | 109,3 | 4,3 |
| Астана қаласы | 1 548 803 536 | 374,3 | 133,2 | 132,7 | 14,5 |
| Алматы қаласы | 1 075 927 675 | 261,8 | 162,2 | 143,5 | 10,1 |
| Шымкент қаласы | 388 173 625 | 440,7 | 181,6 | 120,3 | 3,6 |
Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 27067,2 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылмен салыстырғанда 5,1% көбейді, 20099,1 мың шаршы метрді құрады, олардан 13523,7 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6416,2 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 18098,8 мың шаршы метрді немесе 90%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 7120,6 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
| Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар | Соның ішінде салушылармен | ||||||
| жалпы алаңы шаршы метрмен | 2024 жылға пайызбен | мемлекеттік меншік | жекеше меншік | олардан | шетел меншігі | ||
| халықпен | 2024 жылға пайызбен | ||||||
| Қазақстан Республикасы | 20 099 081 | 105,1 | 1 605 100 | 18 098 758 | 7 120 616 | 103,0 | 395 223 |
| Абай | 337 613 | 105,8 | 79 045 | 256 031 | 115 374 | 104,8 | x |
| Ақмола | 694 399 | 103,7 | 33 775 | 649 105 | 290 965 | 101,0 | 11 519 |
| Ақтөбе | 1 021 121 | 105,9 | 101 759 | 919 362 | 591 531 | 110,9 | - |
| Алматы | 1 069 160 | 110,2 | 37 436 | 895 849 | 682 823 | 117,6 | 135 875 |
| Атырау | 768 844 | 101,3 | 53 058 | 714 046 | 435 129 | 92,1 | x |
| Батыс Қазақстан | 642 392 | 100,8 | 54 837 | 581 721 | 339 538 | 98,3 | x |
| Жамбыл | 768 946 | 101,3 | 67 462 | 701 484 | 632 500 | 105,8 | - |
| Жетісу | 412 807 | 111,0 | 53 149 | 359 658 | 230 580 | 120,7 | - |
| Қарағанды | 596 865 | 109,0 | 17 480 | 579 385 | 88 738 | 118,2 | - |
| Қостанай | 517 393 | 103,9 | 74 140 | 436 989 | 103 772 | 76,0 | x |
| Қызылорда | 939 279 | 108,4 | 35 118 | 904 161 | 838 755 | 112,2 | - |
| Маңғыстау | 858 536 | 103,2 | 8 236 | 839 640 | 532 853 | 166,0 | 10 660 |
| Павлодар | 578 412 | 102,4 | 63 069 | 472 376 | 218 670 | 130,8 | 42 967 |
| Солтүстік Қазақстан | 337 951 | 102,4 | 70 479 | 266 718 | 176 583 | 111,3 | x |
| Түркістан | 1 235 928 | 106,6 | 193 155 | 1 042 773 | 856 014 | 88,7 | - |
| Ұлытау | 109 759 | 101,4 | 37 413 | 72 346 | 55 832 | 72,2 | - |
| Шығыс Қазақстан | 407 372 | 101,4 | 100 914 | 287 943 | 117 025 | 87,9 | x |
| Астана қаласы | 4 812 531 | 108,5 | 294 521 | 4 464 844 | 67 782 | 139,0 | 53 166 |
| Алматы қаласы | 2 607 791 | 102,0 | 27 986 | 2 479 324 | 337 824 | 81,7 | 100 481 |
| Шымкент қаласы | 1 381 982 | 100,6 | 202 068 | 1 175 003 | 408 328 | 74,4 | 4 911 |
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 221556 оқу орнына арналған 234 жалпы білім беретін мектеп, 9054 орынға арналған 61 мектепке дейінгі ұйымдар, 1745 орынға арналған 5 аурухана және ауысымда 6671 келіп-кетушіге арналған 154 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.
Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).
Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.
Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.
Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.