Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    15,1%
    2025 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1% өсіп, 7263,2 млрд. теңгені құрады.
    92,9%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 92,9%, шетелдік – 6,6%, мемлекеттік –0,5% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2025 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (19,2%), тұрғын емес ғимараттар (10,2%) мен тұрғын ғимараттар (7,6%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты.

    2025 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (24,9%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,6%) және тұрғын үйлердің (12,6%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Астана (39,4%) және Алматы қалаларында (35,4%), Солтүстік Қазақстан (30,1%), Түркістан (28,6%), Қостанай (27,5%), Павлодар (22,6%), Ақмола (21,7%) және Алматы облыстарында (20,7%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
      Барлығы, мың теңге 2025 жылғы қазан, пайызбен 2025 жылғы қаңтар- қазан 2024 жылғы қаңтар- қазанға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2025 жылғы қыркүйекке 2024 жылғы қазанға
    Қазақстан Республикасы 7 263 241 087 51,4 115,4 115,1 100,0
    Абай 226 371 802 70,3 96,8 96,8 3,1
    Ақмола 284 557 426 41,4 94,8 121,7 3,9
    Ақтөбе 327 892 544 43,7 108,0 117,0 4,5
    Алматы 341 278 631 44,2 117,6 120,7 4,7
    Атырау 468 656 200 37,6 77,7 71,8 6,5
    Батыс Қазақстан 262 328 549 61,8 138,1 109,0 3,6
    Жамбыл 271 256 563 24,7 169,3 118,8 3,7
    Жетісу 276 697 929 40,3 99,7 112,4 3,8
    Қарағанды 526 731 069 126,7 97,5 100,7 7,3
    Қостанай 292 042 080 46,4 166,5 127,5 4,0
    Қызылорда 235 352 673 66,4 135,3 117,6 3,3
    Маңғыстау 273 599 037 71,3 64,1 106,7 3,8
    Павлодар 356 816 214 23,3 118,8 122,6 4,9
    Солтүстік Қазақстан 198 712 393 32,1 161,5 130,1 2,7
    Түркістан 450 619 106 38,3 173,8 128,6 6,2
    Ұлытау 115 279 952 42,8 107,4 109,4 1,6
    Шығыс Қазақстан 325 467 138 91,9 129,6 113,4 4,5
    Астана қаласы 1 087 898 956 48,1 122,5 139,4 15,0
    Алматы қаласы 706 985 659 59,7 118,2 135,4 9,7
    Шымкент қаласы 234 697 166 188,9 178,2 107,0 3,2
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 19748,9 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,5% көбейді, 14611 мың шаршы метрді құрады, олардан 9279 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 5204,7 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 13439 мың шаршы метрді немесе 92%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 5507,4 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен 2024 жылғы қаңтар- қазанға пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен 2024 жылғы қаңтар- қазанға пайызбен
    Қазақстан Республикасы 14 610 965 104,5 919 506 13 438 993 5 507 376 98,2 252 466
    Абай 174 215 65,7 11 119 163 096 86 605 111,6 -
    Ақмола 468 163 95,0 1 503 463 310 228 989 96,6 3 350
    Ақтөбе 744 356 103,5 41 023 703 333 461 670 115,2 -
    Алматы 947 532 113,0 31 887 823 016 653 916 116,3 92 629
    Атырау 558 866 105,1 16 636 542 230 372 149 94,6 -
    Батыс Қазақстан 484 416 104,1 50 308 428 274 272 521 101,7 x
    Жамбыл 586 735 101,7 40 582 546 153 486 777 105,4 -
    Жетісу 274 290 110,8 47 679 226 611 150 226 112,6 -
    Қарағанды 493 429 116,4 9 366 484 063 73 991 119,3 -
    Қостанай 435 561 102,3 56 743 378 818 83 739 68,8 -
    Қызылорда 766 675 110,0 35 118 731 557 671 253 101,1 -
    Маңғыстау 445 586 59,4 8 236 426 690 228 354 81,6 10 660
    Павлодар 305 858 103,3 32 293 273 565 160 581 111,9 -
    Солтүстік Қазақстан 194 351 103,9 31 911 161 686 109 295 99,1 x
    Түркістан 931 103 110,2 181 359 749 744 671 178 91,4 -
    Ұлытау 71 717 104,1 18 976 52 741 41 969 82,8 -
    Шығыс Қазақстан 240 445 104,9 46 006 175 924 87 334 92,4 x
    Астана қаласы 3 365 796 111,5 217 242 3 133 222 54 535 151,1 15 332
    Алматы қаласы 2 139 760 111,0 18 747 2 020 532 298 528 87,1 100 481
    Шымкент қаласы 982 111 100,4 22 772 954 428 313 766 72,5 4 911

    2025 жылғы қаңтар-қазанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 180034 оқу орнына арналған 188 жалпы білім беретін мектеп, 6419 орынға арналған 41 мектепке дейінгі ұйымдар, 635 орынға арналған 2 аурухана және ауысымда 3349 келіп-кетушіге арналған 82 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    И. Торгаутова
    (Департамент директорының м.а.)
    Тел. +7 7172 749778
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс