Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    18,4%
    2025 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 18,4% өсіп, 3312,9 млрд. теңгені құрады.
    92,7%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 92,7%, шетелдік – 6,6%, мемлекеттік –0,7% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі

    2025 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда ұлғаюы имараттар (29,2%) мен тұрғын ғимараттар (15,8%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    2025 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 22%), автомобиль, теміржолдары мен метролар (21,8%) және тұрғын үйлердің (14,2%) құрылысы алады.

    Динамикалық кестелер:

    Аумақтық бөлінісінде республиканың он тоғыз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ақмола (54,9%), Қостанай (50,6%), Қызылорда (44,5%), Батыс Қазақстан (39,4%), Жетісу (37,1%), Алматы (30,6%), Маңғыстау (29,9%), Солтүстік Қазақстан (26,7%), Түркістан (25,1%), Қарағанды (22,5%), Ақтөбе облыстарында (21,8%) және Алматы (33,6%), Астана (33,6%) және Шымкент қалаларында (20,2%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
    Барлығы, мың теңге 2025 жылғы маусым, пайызбен 2025 жылғы қаңтар-маусым 2024 жылғы қаңтар- маусымға, пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    2025 жылғы мамырға 2024 жылғы маусымға
    Қазақстан Республикасы 3 312 920 628 232,2 123,2 118,4 100,0
    Абай 89 714 071 303,6 113,2 117,4 2,7
    Ақмола 111 335 317 247,5 179,4 154,9 3,4
    Ақтөбе 138 701 203 225,1 133,2 121,8 4,2
    Алматы 146 313 389 211,6 125,2 130,6 4,4
    Атырау 245 973 622 250,7 229,3 62,7 7,4
    Батыс Қазақстан 115 426 452 220,7 164,9 139,4 3,5
    Жамбыл 138 705 912 328,7 92,5 111,5 4,2
    Жетісу 126 447 013 198,7 148,8 137,1 3,8
    Қарағанды 247 055 558 194,8 147,3 122,5 7,5
    Қостанай 126 240 572 297,2 141,0 150,6 3,8
    Қызылорда 111 957 273 199,2 118,9 144,5 3,4
    Маңғыстау 149 508 753 150,7 68,8 129,9 4,5
    Павлодар 136 903 499 252,5 93,3 113,2 4,1
    Солтүстік Қазақстан 74 525 017 379,4 124,8 126,7 2,2
    Түркістан 230 326 352 325,3 108,2 125,1 6,9
    Ұлытау 45 712 181 258,8 155,5 100,3 1,4
    Шығыс Қазақстан 141 802 150 109,7 72,1 102,4 4,3
    Астана қаласы 490 604 005 220,6 109,7 133,6 14,8
    Алматы қаласы 333 797 917 246,2 158,8 136,1 10,1
    Шымкент қаласы 111 870 372 243,6 124,8 120,2 3,4
    Электрондық кестелер:
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 11081,7 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 6,6% көбейді, 7933,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 5083 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 2755,2 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 7343,5 мың шаршы метрді немесе 92,6%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 2857,8 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар Соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен 2024 жылғы қаңтар-маусымға пайызбен мемлекеттік меншік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен 2024 жылғы қаңтар-маусымға пайызбен
    Қазақстан Республикасы 7 933 447 106,6 397 918 7 343 537 2 857 784 96,5 191 992
    Абай 122 767 87,6 11 119 111 648 40 381 115,5 -
    Ақмола 273 026 115,0 1 503 268 173 126 998 99,1 3 350
    Ақтөбе 376 712 106,7 37 247 339 465 209 132 107,2 -
    Алматы 621 975 105,6 13 668 515 678 426 241 110,1 92 629
    Атырау 257 329 108,4 - 257 329 193 286 89,9 -
    Батыс Қазақстан 215 288 106,1 2 655 206 799 112 684 76,5 x
    Жамбыл 317 671 102,2 32 243 285 428 238 021 86,4 -
    Жетісу 127 831 110,6 17 644 110 187 58 983 78,0 -
    Қарағанды 236 081 88,7 4 018 232 063 32 343 94,7 -
    Қостанай 256 106 103,4 11 656 244 450 48 099 64,3 -
    Қызылорда 350 429 106,0 6 213 344 216 296 346 97,4 -
    Маңғыстау 262 884 104,6 8 236 243 988 112 522 91,7 10 660
    Павлодар 164 288 101,3 29 412 134 876 105 346 131,6 -
    Солтүстік Қазақстан 97 345 107,6 16 719 80 626 64 358 97,2 -
    Түркістан 438 473 118,2 61 167 377 306 316 243 91,7 -
    Ұлытау 34 098 113,0 16 599 17 499 17 499 79,7 -
    Шығыс Қазақстан 145 664 102,9 46 006 81 143 42 217 108,6 x
    Астана қаласы 1 776 669 106,0 63 066 1 698 271 27 736 169,0 15 332
    Алматы қаласы 1 341 607 108,6 18 747 1 277 188 193 449 88,8 45 672
    Шымкент қаласы 517 204 114,5 - 517 204 195 900 108,3 -

    2025 жылғы қаңтар-маусымда білім беру және денсаулық сақтау саласында 122929 оқу орнына арналған 111 жалпы білім беретін мектеп, 2839 орынға арналған 17 мектепке дейінгі ұйымдар 381 орынға арналған 1 аурухана және ауысымда 1205 келіп-кетушіге арналған 30 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

    Электрондық кестелер:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс