Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    9 062,1 млрд.
    2024 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9062,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылға қарағанда 15,3% есе көп.
    87,3%
    Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен – 87,3%, шетелдік – 12,3% және мемлекеттік - 0,4% орындалды.
    Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі
    Динамикалық кестелер:

    Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы Республиканың он тоғыз өңірінде байқалды. Елеулі өсуі Жетісу (63,2%), Қызылорда (54,9%), Солтүстік Қазақстан (32,5%), Алматы (30,8%), Қостанай (29,8%), Абай (29,1%), Ұлытау (29,1%), Түркістан (27,3%), Шығыс Қазақстан (25,9%), Ақмола (24,9%), Қарағанды облыстарында (24,8%) және Астана қаласында (23,8%) байқалады.

    Бұл ретте төмендеу Атырау облысында (32,4%) байқалады.

    Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі
      Орындалғаны, барлығы, мың теңге 2023 жылға пайызбен Республикалық көлемге пайызбен
    Қазақстан Республикасы 9 062 096 500 115,3 100,0
    Абай 327 097 632 129,1 3,6
    Ақмола 339 243 970 124,9 3,7
    Ақтөбе 400 399 255 119,7 4,4
    Алматы 437 502 515 130,8 4,8
    Атырау 869 120 565 67,6 9,6
    Батыс Қазақстан 338 547 704 112,9 3,7
    Жамбыл 339 933 305 119,4 3,8
    Жетісу 407 486 601 163,2 4,5
    Қарағанды 671 222 686 124,8 7,4
    Қостанай 327 799 174 129,8 3,6
    Қызылорда 293 419 029 154,9 3,2
    Маңғыстау 414 404 860 118,3 4,6
    Павлодар 387 139 597 113,1 4,3
    Солтүстік Қазақстан 223 148 253 132,5 2,5
    Түркістан 540 167 398 127,3 6,0
    Ұлытау 145 430 807 129,1 1,6
    Шығыс Қазақстан 411 618 865 125,9 4,6
    Астана қаласы 1 142 043 032 123,8 12,6
    Алматы қаласы 735 158 461 117,5 8,1
    Шымкент қаласы 311 212 791 114,1 3,4
    Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

    Қазақстан Республикасында 2024 жылы пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 22826,8 мың шаршы метрді құрады.

    Динамикалық кестелер:

    Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2023 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға ұлғайып, 19124,2 мың шаршы метрді құрады, олардан 12293,2 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6643,6 мың шаршы метр - жеке үйлер.

    Тұрғын үйдің едәуір бөлігін – 17108,3 мың шаршы метрді немесе 89,5%-ын жеке құрылыс салушылар, 6912,2 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

    Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы
      Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар соның ішінде салушылармен
    жалпы алаңы шаршы метрмен өткен жылға, пайызбен мемлекеттікменшік жекеше меншік олардан шетел меншігі
    халықпен өткен жылға, пайызбен
    Қазақстан Республикасы 19 124 187 107,3 1 753 065 17 108 329 6 912 153 104,4 262 793
    Абай 319 016 88,0 41 567 277 449 110 063 114,0 -
    Ақмола 669 553 101,6 153 404 512 719 288 180 87,1 3 430
    Ақтөбе 964 039 76,4 35 497 921 844 533 348 63,7 6 698
    Алматы 970 172 118,2 23 969 910 043 580 625 101,9 36 160
    Атырау 759 051 102,3 86 576 658 659 472 504 97,4 13 816
    Батыс Қазақстан 637 383 100,8 153 425 481 900 345 577 117,9 2 058
    Жамбыл 759 006 104,5 106 311 652 695 597 559 99,8 -
    Жетісу 371 930 115,2 74 997 273 970 191 112 121,2 22 963
    Қарағанды 547 621 120,4 41 425 506 196 75 082 99,7 -
    Қостанай 497 986 104,8 107 825 389 839 136 604 86,3 322
    Қызылорда 866 842 116,9 46 809 820 033 747 725 111,4 -
    Маңғыстау 831 979 104,4 - 831 979 320 956 94,0 -
    Павлодар 565 120 114,5 99 520 417 356 167 139 83,1 48 244
    Солтүстік Қазақстан 329 894 108,3 108 833 221 061 158 671 113,2 -
    Түркістан 1 159 940 128,5 20 480 1 139 460 965 089 155,5 -
    Ұлытау 108 242 130,8 18 873 89 369 77 289 133,3 -
    Шығыс Қазақстан 401 825 114,1 52 106 332 714 133 157 109,0 17 005
    Астана қаласы 4 435 867 112,7 417 102 3 988 716 48 757 97,6 30 049
    Алматы қаласы 2 555 652 95,5 - 2 477 635 413 547 101,1 78 017
    Шымкент қаласы 1 373 069 126,7 164 346 1 204 692 549 169 135,2 4 031

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің артуы Қазақстан Республиканың он жеті өңірінде байқалды. Елеулі өсуі Ұлытау (30,8%), Түркістан (28,5%) облыстарында, Шымкент қаласында (26,7%) және Қарағанды облысында (20,4%) байқалады.

    Тұрғын үйді пайдалануға берудің азаюы Ақтөбе (23,6%), Абай облыстарында (12%) және Алматы қаласында (4,5%) байқалады.

    2024 жылғы білім беру және денсаулық сақтау саласында 42621 оқушылар орнына арналған 91 жалпы білім беру мектептері, 4158 орынға арналған 29 мектепке дейінгі мекемелер және 1000 төсек-орынға арналған 4 аурухана, сонымен қатар ауысымына 8873 келушіге арналған 259 амбулаториялық емхана пайдалануға берілді.

    Толық ақпарат келесі электрондық кестелерде берілген:
    Глоссарий

    Құрылыс-монтаж жұмыстары – ғимараттар мен имараттарды тұрғызу, кеңейту, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша құрылыс жұмыстары; энергетикалық, технологиялық және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстары.

    Объектінің құрылысы – объектінің тәуелсіз бағалауды құрайтын барлық байланысты жабдықтар, құралдар, аспаптар, галереялар, жол өтпелерін, ішкі инженерлік желілер мен коммуникациялар жеке ғимарат немесе құрылымы, құрылыс (қайта жаңарту, кеңейту).

    Методологиялық түсініктемелер

    Құрылыс ұйымдарына жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлеміне жаңа объектілердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жаңғырту, инженерлік имараттар жұмыстары кіретін жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған жұмыстарының құны кіреді.

    Құрылыс жұмыстар (қызметтер) көлемінің нақты көлем индексі шын мәніндегі бағада дефлятор есебімен (баға индексі) талданған кезеңнің орындалған құрылыс жұмыстар көлемінің өткен кезеңге арақатынасымен анықталады.

    Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үйлердің жалпы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлардың алаңының, сонымен қатар жалпы мүлік болатын тұрғын үй бөлігінің алаңының қосындысы болып есептеледі.

    Методологиялық түсініктемелердің анығырақ ақпараты келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:
    Шығаруға жауапты:
    Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    А.Исабекова
    Тел. +7 7172 749056
    Орындаушы:
    O.Эдель
    Тел. +7 7172 749313
    E-mail: o.edel@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үйі, 4 кіреберіс